«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Үшемдердің ата-анасына бесікарба сыйлады

Ақтөбе облысы​ әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова жуырда көпбалалы ана атанған Қарлығаш Жармағамбетованың үйіне барды.

Ол жұбайы екеуі 13 жасар қыз тәрбиелеп отыр.​ Көптен күткен екінші жүктілік ЭКО арқылы жүзеге асты. Мамыр айының соңында​ Қасым, Жомарт және Кемел есімді үш​ ер бала дүниеге келді.​ ​
Қазіргі таңда анасы мен сәбилер облыстық перинаталды орталықта. Дәрігерлердің сөзінше сәбилердің жағдайы —​ қанағаттанарлық.​ Жаңа туған нәрестелер күтудің​ екінші сатысында, оң динамика​ бар.​
Бұлбұл Елеусінова бақытты анаға облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің​ атынан құттықтау сөздерін айтып, ұлдар бақытты әрі дендері сау болып өссін деген ниетпен Қарлығаш Жармағамбетоваға екі орындық және бір орындық бесікарба сыйға тартты. Облыс әкімінің орынбасары
Бұлбұл Елеусінова көпбалалы отбасыға мемлекет қарастырған барлық әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілетінін атап өтті.​

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас ақпараттар

САЙЛАУ: ГАЗЕТ БЕТІНЕН ОРЫН БЕРУ ТӨЛЕМІНІҢ МӨЛШЕРІ, ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ

admin_mugalzhar

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 24 трлн теңгеден асты

admin_mugalzhar

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Парламенттік реформа – еліміздің, халқымыздың тағдырына тікелей қатысы бар мәселе»

admin_mugalzhar