«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАСТАР ЖҰМЫСҚА ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ

Елімізді көгалдандыру мен тазалығын сақтауға, жастарды еңбекке баулуға бағытталған «Жасыл ел» республикалық бағдарламасы биыл да жалғасын табуда. Бұл туралы аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары хабарлады.

Орталықтың мәліметіне сүйенсек, ауданнан аталған бағдарламаға 200 жас жұмылдырылады деп жоспарланған.
— «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыруға бюджеттен 13 038 000 теңге бөлінді. Аталған бағдарламаға 16-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Аудан бойынша маусым айынан бастап 100 бала жұмыс жасауда. Оның 30-ы ауылдық округтерге, 70-і Қандыағаш қаласына жолданды. Олар тазалық және абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Шілде айында тағы да 100 бала аталған жұмыспен қамтылады деп жоспарлап отырмыз, — деді орталық маманы Гүлназ Карина.

Ұқсас ақпараттар

Инвесторлар мен мамандарға жол ашық: Қазақстан көші-қонды өзгертеді

admin_mugalzhar

27 сәуірде елімізде телевизия мен радио трансляция уақытша өшіріледі

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

admin_mugalzhar