«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫ 10 ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ БАҒДАРЛАМА МЕН ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫП ЖАТЫР

Соның сегізі медициналық көмек көрсетуге, біреуі ауыл балалары үшін спорттағы әлеуметтік жағдайда жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар шалғайдағы талапкерлер мен тұрмысы төмен отбасылардың студент балаларына білім грантын беруді қарастырады. Бұл туралы Президенттің қабылдауында болған Қор төрағасы Болат Жәмішев баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қордың мақсатты бағыттарын анықтауға қоғам мен қоғамдық институттарды белсенді тарту қажет», — деді. Болат Жәмішевтің айтуынша, Қор жаңадан толықтырылған тұжырымдаманы және қайырымдылық бағытындағы бағдарламалар мен жобалар әзірлеуді қолға алды. Бұл жұмысқа коммерциялық емес сектордың өкілдері, мәслихат депутаттары, Қор меценаттары болып табылатын бизнес өкілдері мен сарапшылар кеңінен тартылады. Қыркүйек айында өтетін Ұлттық қайырымдылық конференциясы осы уақыт аралығында атқарылған жұмыстың қорытынды есебі болмақ.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда АЭС қолдаушыларының саны артып келеді – сауалнама

admin_mugalzhar

КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ҚЫЗЫЛША БЕЛЕҢ АЛЫП ТҰР

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.