«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ІНДЕТ БАСЫН ҚАЙТА КӨТЕРДІ

Коронавирус індеті басын қайта көтеріп, елдегі эпид ахуал тұрақсызданды. Бүгінде Алматы қаласында коронавирустың таралуы көбейіп, «сары» аймаққа өтті. Бұл туралы ауданның санитариялық мамандары хабарлады.
Індетке шалдыққандар санының артуын ескерген коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аумағында өңірлер эпидемиологиялық қауіп-қатердің сары аймағына көшкен жағдайда қосымша шаралар қабылдау туралы шешім қабылдаған. Ресми деректерге сүйенсек, вирусқа шалдыққандардың 80 пайызы індетке қарсы екпе алмағандар және ревакцинациядан өтпегендер.
— Өзіңіз бен жақындарыңыздың денсаулығын сақтау мақсатында вакцина және ревакцинациядан өтуге шұғыл түрде шақырамыз. Бұл процесс ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін де маңызды. Бүгінде аудан аумағында індетке шалдыққандар анықталмады. Дегенмен, көзге көрінбейтін бұл індетпен күресте енжарлық танытпай, бас амандығымыз үшін сақтық шарасынкүшейту керек. Шет мемлекеттерге шығуды, отбасылық және өзге де мерекелік іс-шараларды өткізуді мейлінше азайтқан жөн. Маман ретінде жабық жерлер мен қоғамдық көліктерде, адамдар көп жиналатын орындарда маска киюге кеңес береміз. Себебі ауа тамшылары арқылы таралатын аурулардың алдын алуда масқа тағудың тиімділігі дәлелденген. Саулық-сақтықта екендігін ұмытпайық, — деді санитариялық эпидемиологиялық басқармасының бөлім басшысы Радина Иржанова.
Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

МАҚСАТ — ТҮЛЕКТЕРДІ ҚЫЗМЕТКЕ ТАРТУ

admin_mugalzhar

АТА КӘСІПТЕН АЖЫРАМАҒАН ШАРУА

admin_mugalzhar

Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі лауазымына қайта тағайындалды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.