«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІН ЕМБІЛІКТЕР АШЫП БЕРДІ

Өткен аптада Қандыағаш қаласында Мұғалжар ауданының қалалық, ауылдық округтерінің «Туған жерім – нұрлы елім» атты мәдениет күндерінің ашылу салтанаты өтті. Мәдениет күндерінің шымылдығын ембіліктер ашты.
Орталық саябақта өткен мерекелік шара ембілік ұлт аспаптар ансамблінің орындауындағы А.Жұбановтың «Би күйі», Құрманғазының «Балбырауын» күйлерімен басталды. Облыс пен ауданға танымал айтыскер ақын Ертай Сарман мерекеге арнайы жазған арнауын орындаса, қала өнерпаздары Д.Қосмағамбетова, А.Мусаева, Қ.Сексенбаева, Б.Балмағамбетова, Ж.Сражадинов, биші Ж.Оразаева, «Құралай» бишілер тобы әсем ән-билерін тарту етті. А.Әбдірамановтың «Жайық деген жанды су» термесі, Ә.Мұқанмереевтің «Адай» күйі мен А.Талғатқызының орындауындағы Ғ.Жұбанованың «Жыр жазамын жүрегімнен» шығармалары көрермендердің көңілінен шығып, қошеметке бөленді.
Сонымен қатар Ағайынды Жұбановтар музейінің қызметкерлері дайындаған «Музыка әлеміндегі жарқын бейне» тақырыбындағы жылжымалы көрмесі жасақталды. Көрмеге ұлт мақтанышы Ағайынды Құдайберген, Ахмет Жұбановтар мен Ғазиза Жұбановалардың құнды жәдігерлері қойылды. Ембі қалалық балалар кітапханасы «Оқы талма, түй санаңа, жас бөбек», Ембі қалалық кітапханасы «Туған өлке тарихы — ұрпаққа тағылым» атты кітап көрмелерін ұйымдастырды. Ембі қала- лық аула клубы мүшелерінің қолынан шыққан қолөнер бұйымдарын мерекелік кешке келген қандыағаштықтар қызыға тамашалады. Сондай-ақ көрермендер назарына Ембі қаласының әлеуметтікэкономикалық даму көрсеткіші көрсетілген тақта да қойылды.
А.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

ЖАС СПОРТШЫМЕН КЕЗДЕСУ

admin_mugalzhar

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ — БАСТЫ МІНДЕТ

admin_mugalzhar

ӘДІЛЕТ — ЕУРОПА КУБОГІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ, ЖАНАРЫС ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.