«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда автогаздың 2023 жылғы қаңтарға дейінгі шекті бағасы белгіленді

ҚР БҚДА төрағасы Серік Жұманғариннің 2022 жылғы 5 шілдедегі «ҚР аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы» бұйрығы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатта былай делінген:

Қазақстан Республикасының аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізілсін.

Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар белгіленсін.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар белгіленген шекті бағаларды асырған жағдайда нұсқамалар шығарсын және олар орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 162-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартсын.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Отын-энергетика кешені департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

Өңірлер бойынша сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар:

Нұр-Сұлтан – 70 теңге/л;

Алматы – 65 теңге/л;

Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары – 50-55 теңге/л;

Ақмола, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстары, Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Ұлытау облыстарында – 70-75 теңге/л;

Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Абай облыстарында – 60-65 теңге/л.

Бұйрық 2022 жылғы 6 шілдеден 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін күшінде болады.

Ұқсас ақпараттар

САҒА АУЫЛЫНА СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ

admin_mugalzhar

WBO Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласын бекітті

admin_mugalzhar

Көпбалалы ана атанғандар жәрдемақыны қалай алуы керек?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.