«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанның бірнеше өңірінде құрғақшылық болады

Қазгидромет синоптиктері шілде айында бірнеше өңірде құрғақшылық болатынын болжап отыр.
Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдейді.

Мамандардың болжамына сәйкес, Ақмола облысының Қорғалжын ауданында, Ақтөбе облысының Әйтеке би және Хромтау аудандарында, Алматы облысының Алакөл ауданында жауын-шашын тапшылығы байқалады. Сонымен қатар Қарағанды облысының Нұра және Қарқаралы аудандарында, Маңғыстау облысының Бейнеу және Қарақия ауданында, Абай облысының Семей маңында және Қызылорда облысының басым бөлігінде су тапшылығы болуы мүмкін.

Еліміздің қалған аумақтарында ылғалдану жағдайы нормаға жақын, ал Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында тіптен оңтайлы болады, – деді «Қазгидромет» РМК синоптиктері.

baq.kz

Ұқсас ақпараттар

Үкімет Президент тапсырмасына сәйкес «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын бекітті

admin_mugalzhar

Ashyq жобасы мемлекет меншігіне өтті

admin_mugalzhar

ҚАЗАҚСТАНДА ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

admin_mugalzhar