«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖҰРЫН АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІ ЖӨНДЕЛУДЕ

«Ауыл — Ел бесігі» жобасы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуды көздейді. Жоба аясындағы жұмыстар ауданда биылда жалғасын табуда.

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Жұрын ауылына өткен жылы іс-сапармен келіп, ауыл мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары мен және ауылдың 3 көшесіне жүргізіліп жатқан асфальттау жұмыстарын қараған кезде тұрғындар ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта қосымша мектепке баратын көшелерді де асфальттау бойынша өтініштерін жеткізген болатын.

Жұрындықтардың ұсыныстары ескеріліп, биыл Жұрын ауылының 4 көшесіне (Жанғожа батыр, Х.Құрманалин, А.Жұбанов, А.Құнанбаев) жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде мектепке баратын жол А.Құнанбаев көшесі де жөндеуден өткізілуде.

Қазіргі таңда ауыл ішілік жолдарға мердігер болып анықталған «ТенгриСтройИнвест» ЖШС-і жолдарды тегістеп, қиыршық тастарын төсеуде.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе облысында 606,2 мың тонна бидай жиналды

admin_mugalzhar

ӨНДІРІС ОРНЫ КОЛЛЕДЖГЕ МЕТОДИКАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ

admin_mugalzhar

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз алтыншы сессиясын шақыру

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.