«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жаңбыр, найзағай, 41 градус ыстық: Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

«Қазгидормет» РМК 9-11 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Синоптиктердің болжамынша, алдағы демалыс күндері республика бойынша ауа райы тұрақсыз болмақ.
Атап айтқанда, найзағай ойнап, жел күшейеді, тіпті бұршақ жаууы мүмкін. Ал еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл тұрып, солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі деп болжануда. Сонымен қатар синоптиктердің мәліметінше, ауа температурасы күндіз батыста +30+38°С, оңтүстік-батыста + 30+41°С, солтүстік-батыста + 22+33°С, солтүстікте, орталықта +22+30°С-қа дейін көтерілуі мүмкін.
Одан бөлек еліміздің шығысында сынап бағанасы + 17+25°С-тан +23+31°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста +20+29°С-тан +23+32°С-қа дейін жоғарылауы ықтимал. Ал елдің оңтүстігінде ауа температурасы +27+35°С жылы болады деп күтілуде. nur.kz

Ұқсас ақпараттар

1342 БҮЛДІРШІН МЕКТЕПКЕ БАРАДЫ

admin_mugalzhar

Ақтөбеде Абайға және Шәмші Қалдаяқовқа ескерткіш орнатылады

admin_mugalzhar

GQ нұсқасы бойынша «Жыл адамы» сыйлығы дәрігерлерге берілді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.