«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жаңбыр жауып, 40 градусқа дейін күн ысиды — 12-14 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылдың 12-14 шілдесіне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Салехард үстінде орналасқан солтүстік антициклонның екпіні елдің солтүстік бөлігіне ықпалын тигізеді, оңтүстік облыстар төмен қысымды және толқындық фронтальды белсенділік аймағында болады.

Республиканың басым бөлігінде күн жылынған сайын ауа массалары тұрақсыз болады, бұл бұлттардың жиналуына әкеледі. 12-13 шілдеде орталықта және шығыста қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Республика бойынша, бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы және өте қатты ыстық күтілуде. «Қазгидромет» РМК
Ауа температурасының негізгі фоны күндіз батыста +34+42°С, оңтүстік-батыста +40+45°С, солтүстік-батыста +28+35°С-тан +30+40°С дейін көтеріледі, солтүстікте +25+33°С-тан +22+30°С-қа дейін ауытқиды, орталықта +22+30°С, шығыста ауа температурасы +22+32°С-тан +17+25°С-қа дейін төмендейді. , оңтүстікте ауа температурасы +29+37°С-тан +32+40°С-қа дейін, республиканың оңтүстік-шығысында +22+32°С-тан +25+35°С-қа дейін көтеріледі.

Ұқсас ақпараттар

ОПМ «БЕЗНАДЗОРНОСТЬ»: ЗАДЕРЖАНО14 ПОДРОСТКОВ

admin_mugalzhar

Ақтөбеде дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды

admin_mugalzhar

АУЫЛ ӘКІМДІГІНЕ АРТЫЛАР ЖҮК АУЫР

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.