«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЩЫСАЙДА СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛАДЫ

Ащысай ауылында соғыс ардагерлеріне арнап ұрпақтары ескерткіш тақта орнату жұмыстарын жүргізуде.
Ескерткіш тақтаны орнату бойынша ауылдық қоғамдық кеңесте талқыланып, ауыл тұрғындарының демеушілік көмегімен салынып жатыр. Ащысай ауылдық округінің әкімі Б.Оразов ескерткішке қажетті жер телімін бөлді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Туған жерге тағзым» акциясы аясында жарқын болашақ үшін еңбегін сіңірген, өмірін арнаған тұлғалардың есімдерін мәңгі есте қалдыру мақсатында ескерткіш тақта орнату жоспарланған болатын.
Биіктігі — 2,10 метр, ұзындығы 6 метр болатын тақтаға 200-ге жуық ерлеріміздің есімдері қашалып жазылады. Тақта ортасында «Ер есімі — ел есіңде» деген жазу және жұлдызша орнатылады.

Ұқсас ақпараттар

KGIR 2022: Ералы Тоғжанов 735 миллион долларлық келісімдерге қол қойды

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы: «Біз бәріміз табанды еңбек етуіміз керек, сонда ғана еліміз зор табыстарға жетеді»

admin_mugalzhar

ЕСЕПШІНІҢ ЕҢБЕГІ ӘР САЛАДА МАҢЫЗДЫ

admin_mugalzhar