«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТИІМДІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Аудан әкімі Асқар Шериязданов Қандыағаш қаласында орналасқан «Кентавр», «Казтермогрупп», «Неохим», «Базальт-А» және «АқтөбеМұнайМашКомплект» мекемелерінің басшыларымен кездесті.
Кездесу барысында аудан басшысы «Қаз Агро» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниясы «Аграрлық несие корпорациясы АҚ» «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы несиелендіруді жүргізіп жатқанын жеткізді. Осы бағдарлама арқылы кәсіпорындар жұмыс барысын кеңейту мақсатында қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға мүмкіндік алатынын айтып, аталмыш мемлекеттік бағдарламаға қатысуға шақырды.
Отырыс барысында мекеме басшыларына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2022» конкурсына құжаттарды қабылдау жұмыстары басталғаны жеткізілді. Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері 4 аталым («Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Экологияға қосқан үлесі үшін», «Үздік ұжымдық шарт») бойынша өзара үздікті анықтайды. Сондай-ақ байқау аясында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы табысталады.
«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда бензин мен дизель отыны қымбаттады. Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

admin_mugalzhar

МҰНАЙШЫЛАР ДАУЫС БЕРУДЕ

admin_mugalzhar

Бағасы жағынан АЭС-тің қандай технологиясы тиімді? — сарапшы жауап берді

admin_mugalzhar