«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АТҚАРҒАН ҚЫЗМЕТІНЕ АЛҒЫС БІЛДІРДІ

Мұғалжар аудандық газ торабының басшысы қызметін атқарған Шүренбай Ержановқа құрмет көрсетілді.
Аудан әкімдігінде өткен жиынға аудан әкімі Асқар Шериязданов, бөлім басшылары және Мұғалжар аудандық газ торабының қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында аудан әкімі ауданның газ шаруашылығын 1995 жылдан бері кәсіби сауаттылықпен жүргізіп, өндіріске жаңа технологияларды шебер енгізгені үшін Шүренбай Амангелдіұлына барша мұғалжарлықтардың атынан алғысын білдіріп, құрмет көрсетті.
Өз кезегінде сөз алған Шүренбай Амангелдіұлы аудан тұрғындарын табиғи газ отынымен қамтамасыз ету жолында атқарған қызметіне қысқаша тоқталып, қолдау білдірген аудан басшылығына және ұжымдастарына ризашылығын білдірді.
А.АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

Елімізге гүл көбіне қай елдерден әкелінеді

admin_mugalzhar

11254 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ДӘСТҮРЛІ САНАҚТАН ӨТТІ

admin_mugalzhar

ТЕМІР КӨПІРДЕ ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar