«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗДЕСУІ АҚСУ АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

Аудан әкімі Асқар Шериязданов Ақсу ауылында болып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Ақсу ауылына телемұнара (телевышка) орнату жоспарлануда. Аудан әкімдігі тарапынан бұл жұмыстарды жүзе асыру мақсатында ұялы байланыс операторларымен келіссөздер жүргізілуде.

Сонымен қатар қоғамдық кеңеспен ақылдаса отырып, жол ұзындығын ескеріп, Ақсу-Ащысай жолын күтіп ұстауға бір мердігер, Ащысай-Қаракөл жолын күтіп ұстауға бір мердігер белгіленетін болады.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан мектептегі интернет желісінің жылдамдығы нашар екендігі айтылды. Осыған байланысты аудан әкімінің тапсырмасымен аудандық білім бөлімі мен Ащысай ауылдық округінің әкімі “Транстелеком” АҚ Ақтөбе облыстық филиалымен байланысып, келісім-шартта көрсетілген 8 Мбт жылдымдықты қамтамасыз ету жөнінде талап қойылды. Қазіргі таңда интернет беруші мекеме жылдамдықты күшейту бойынша жұмыстарды жүргізуде.

Кездесуде ауыл тұрғындары аудан әкіміне толғандырған сауалдарын жолдап, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

«ҮЗДІК ПЕДАГОГ — 2024» анықталды

admin_mugalzhar

ЖАС СПОРТШЫЛАРДЫҢ ӘКЕЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

admin_mugalzhar

ЖЕМ КӨШЕЛЕРІНЕ 117 ЖАРЫҚШАМ ОРНАТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.