«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРДАҒЫ АБАЙ: БІЗ АҚЫНДЫ ҚАЛАЙ ҰЛЫҚТАП ЖҮРМІЗ?

2020 ЖЫЛЫ АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ҚАУЛЫСЫМЕН 10 ТАМЫЗ — АБАЙ КҮНІ БОЛЫП БЕЛГІЛЕНГЕН ЕДІ. СОДАН БЕРІ ЖЫЛ САЙЫН ӘЛЕМДІК ТҰЛҒА АБАЙДЫҢ КҮНІ АТАЛЫП КЕЛЕДІ. БИЫЛҒЫ АТАУЛЫ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА БІЗ, ГАЗЕТ ТІЛШІЛЕРІ, МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНДАҒЫ ҰЛЫ АҚЫННЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛГЕН КӨШЕ, БІЛІМ ОРДАЛАРЫ, МӘДЕНИЕТ ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АҚЫНҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШТЕР ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ ЖИНАДЫҚ. СӨЙТСЕК, АУДАНДА АҚЫН АБАЙДЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛГЕН БІЛІМ ОШАҒЫ, НЕ БОЛМАСА МӘДЕНИ ОРЫН ЖОҚ БОЛЫП ШЫҚТЫ. ТЕК КЕЙ АУЫЛДАРДА АҚЫННЫҢ АТЫНДАҒЫ КӨШЕЛЕР БАР. АЛ АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА ЕСКЕРТКІШ ҚОНДЫРЫЛҒАН ЕКЕН. СОНЫМЕН…

ЕСКЕРТКІШ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

Ұлы ақынның ескерткіші Қандыағаш қаласындағы «Тәуелсіздік» даңғылы бойында орналасқан орталық саябақта орнатылған. Аталған ескерткішті 2017 жылы «Батырғалиев.С.А.» жеке кәсіпкерлігіжасап, орнатқан. Биіктігі 3,5, ені 1,3 болатын ақынның тұлғасын мүсінші А.Әбдібеков жасап шықты. Бүгінде ескерткіш «Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің балансына берілген. Осы жылы Абайдың ескерткіші «тұғырынан түсіп» қалған еді. Оның себебін жауапты Қандыағаш қаласы әкімдігінен сұраған едік. «Осы жылы мамыр айында орын алған қатты дауыл желдің салдарынан Абаймүсіні құлап қалған болатын. Бүгінде әкімшілік тарапынан Абай Құнанбаевтың мүсінін және тұғырларының тас тақтайшаларын толықтай жаңарту жұмыстарын жүзеге асыру үшін кәсіпкермен келісім-шартқа отырдық. Бүгінде олар жөндеу жұмыстарын аяқтап, ескерткішті қалпына келтірді», — деген жауап алдық.

ҰЛЫ АҚЫН ЕСІМІ БЕРІЛГЕН КӨШЕ – БЕСЕУ

Қандыағаш қаласында жаңадан бой көтерген «Болашақ» мөлтек ауданындағы бір көшеге осы жылы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі №91 қаулысы мен Мұғалжар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 сәуірдегі №180 бірлескен шешімі негізінде «Абай» атауы берілді. 45 жеке тұрғын үй орналасқан аталған көшеніңұзындығы — 1шақырым 200 метр. Бүгіндекөшегетолығыменасфальт төселген. Ал Ембі қаласындағы орталық көшелердің бірі — Абай Құнанбаев көшесі. Көшенің жалпы ұзындығы 1 шақырым 600 метрді құрайды. Бүгінде аталған көше асфальтталған, көше бойында 5 сауда дүкені орналасқан, 62 жеке тұрғын үй бар. Жұрын ауылдық округінің орталығы Жұрын ауылындағы Абай Құнанбаев көшесі бұрын Абай көшесі деп аталған. Жұрын ауылдық округі әкімінің №30 шешімімен 2011 жылы Абай Құнанбаев көшесі болып өзгертілді. Көшенің жалпы ұзындығы — 600 метр. Көше бойында Құдайберген Жұбанов атындағы орта мектеп орналасқан. Бүгінде аталған көшеге асфальт төселіп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жол салужұмыстарын «ТенгриСтройИнвест» ЖШС-і қолға алған. Алдағы уақытта аталған көше бойынан демеушілікпен саябақ салу жоспарда бар. Еңбек ауылдық округінің орталығыСағашиліауылындадаАбай Құнанбаев атымен аталатын көше бар. Ол көше бұрын Кооперативная көшесі деп аталды. Көше атауларын қазақшалау жұмыстары негізінде аталған көшеге Еңбек ауылдық округі әкімінің шешімімен 2012 жылықазақтыңбасақыныныңесімі берілді. Ұзындығы 800 метр болатын көшеге 2020 жылы асфальт жолтөселді. Жолсалужұмыстарын «Халал+» ЖШС-іжүргізген. Ауылдың орталығы саналатын бұл көшеде ауыл мешіті, «Қазпошта» мекемесі, ауылдық әкімшілік ғимараты, Сағашилі орта мектебі жанындағы интернаты, ауылдықазық-түлікдүкендері орналасқан. Ал Қайыңды ауылдық округіне қарасты Алтынды ауылындағы Абай Құнанбаев көшесінің жалпы ұзындығы — 400 метр. Бұл көшеде орналасқан Алтынды орта мектебінің ескі ғимараты сүріліп, жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде.

Сонымен қатар «AltynEx Company» АҚ-ныңхимиялық лабораториясы, азық-түлік дүкені орналасқан. 25-ке жуық тұрғын үй бар.

БАТПАҚКӨЛДЕ АБАЙ БЕЙНЕСІ ІЛІНГЕН

Батпақкөл ауылдық округінде ақынның есімі берілген көше болмаса да, 2020 жылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдықмерейтойы қарсаңында округ орталығындағы мәдениет үйінің сыртқы қабырғасына ақынның құрметіне суреті бейнеленген түндежанатын көрнекі тақтайша орнатылған. Ауыл әкімі МейрамбекБоқашев солжылыАбайҚұнанбаевтыңмерейтойына көптеген іс-шаралардың жоспарланғанын, бірақ әлемдік пандемияға байланысты ол шараларды өткізу мүмкін болмағанын жеткізді.

АБАЙ ӘЛЕМДЕ…

Францияның Ренн қаласында 2016 жылы қазақ ақынына бюст орнатылған. 2014 жылы Абай ескерткіші Венгрияның Будапешт қаласында да орнатылған. Бюст қоладан жасалған, биіктігі 1070 миллиметр, ені — 900 миллиметр. Абайдың бюсті 2016 жылы Каирдің орталық саябақтарының бірінде орнатылған. Бюстке қаражатты мысырлық меценат Хусейн әл-Шафии шығарған. Ал мүсін авторы мысырдың танымал мүсіншісі — Усама әл-Серуи.

2006 жылы Мәскеудің Қазақстан елшілігінің маңында Абай Құнанбайұлына ескерткіш қойылды. Сол уақыттағы Қазақстанда Пушкин жылы және Ресейде Абай жылы жарияланған еді. Екі ақынға Астана мен Мәскеуде ескерткіш орнатылған. Мәскеудегі ескерткішті қазақстандық тарап қаржыландырған — 162 миллион теңге. Ескерткіш қоладан салынған.

2014 жылы Бейжіңде «Цзинтай» көркем музейінде Абай Құнанбайұлының ескерткіші қойылды. Мүсінші Юань Сикунь ұлы адам Абай Құнанбайұлының мүсінін жасау зор құрмет екенін атап өткен. 2013 жылы көрші елдің астанасы Ташкентте ҚР елшілігінің алдында қазақ данагөйі Абайдың ескерткіші орнатылған.

2007 жылы Тегерандағы Иран Ұлттық кітапханасының кіреберісіндегі бас аллеяға қазақ халқының ұлы ойшылы Абайдың мүсіні орнатылған. Тегерандағы Абайдың мүсінін орнататын бұл орын кездейсоқ таңдалмаған. Иранның ұлттық кітапханасы Қазақстанмен берік мәдени байланыстар орнатқан.

2011 жылдың мамырында Баку мемлекеттік университетінде Абай Құнанбайұлы атындағы орталық ашылып, сол жерге ұлы ойшылдың бюсті қойылған. Бұл жерде қазақ тілінде сөйлесіп, қазақ мәдениеті жайлы пікірталас өткізіп, ұлтымыздың ұлыларының шығармаларымен танысуға болады. Орталық мамандары ұлы ақынның шығармашылығын қазақ тілінен тікелей әзербайжан тіліне аударумен айналысады.

1995 жылы 15 ақпанда әлемнің орталығы саналатын Лондон қаласында (Ұлыбритания) Абай үйі ашылды. Мысыр астанасы Каирде Абай атындағы көше 1998 жылы пайда болса, Берлинде (Германия) 2000 жылы Абай-штрассе ашылған. Сонымен қатар, Ташкент (Өзбекстан), Бішкек (Қырғызстан) қалаларындада, тіпті Үндістан астанасы Нью Делиде де Абай Құнанбайұлы атындағы көше бар. Люксембургтен де ақын есімін иеленген көшені кездестіресіз.

Ақын есімі берілген нысандар мен көшелерді түгендеудегі мақсатымыз айқын. Себебі хәкім Абай мереке және атаулы күндері ғана еске алатын тұлға емесін қарайған қазақ біледі. Абайдың есімімен аталатын көше немесе ғимарат тап сол ұлылықты ұлықтауға қосар үлес екені де ақиқат. Сондықтан болар, осындай үлкен аудан аумағында ақынға арналған бір ғана ескерткіш пен аты берілген бір қолдың саусағындай ғана көше бары көңілге селкеу түсіргені рас…

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

Мектеп маңындағы полиция жасағының саны артады – ІІМ

admin_mugalzhar

ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Алдағы күндері 32 градус аяз болады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.