«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Елімізде 12 мыңға жуық интернет-алаяқтық тіркелді

Жыл басынан бері елімізде интернет-алаяқтыққа қатысты 12 мыңға жуық іс тіркелді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жыл басынан бері елімізде 12 мыңға жуық интернет-алаяқтық тіркелді. Қылмыскерлер 7 млрд теңгеге шығын келтірді. 571 интернет-алаяқ ұсталып, 17 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. Интернет-алаяқтық фактілері Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қарағанды облысында көп байқалды», деді ІІМ өкілі ведомствоның баспасөз қызметі алаңында өткен брифингіде.
Оның айтуынша, ІІМ интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін ескертулер сипатындағы SMS-тер жіберуді бастады.
«SMS арқылы алаяқтық туралы халықты бірыңғай хабардар ету туралы 4 тамызда Ішкі істер министрінің Цифрлық даму министрлігінің өкілдерімен және байланыс операторларымен кездесуінде айтылған болатын. Мобильді байланыс Қазақстанның әрбір тұрғынына, тұрғылықты және орналасқан жеріне қарамастан, SMS арқылы алаяқтық фактілері туралы ақпарат жеткізуге, жедел хабардар етуге мүмкіндік береді. Қазір Kcell қолданушыларына ескертпе SMS-тер жіберілді. Тарату жүйесінің шектеулеріне байланысты SMS мәтіндеріндегі таңбалар саны шектеулі. Сондықтан хабарлама мәтіні қысқартылған. Ішкі істер министрлігі барша азаматтарды сақ болуға шақырады», деді ол.

Ұқсас ақпараттар

Отыз мыңнан астам ақтөбелік бір мезетте гимн шырқады

admin_mugalzhar

ШАҢЫРАҚТЫҢ ДІҢГЕГІ – АУЫЗБІРШІЛІК ПЕН СЫЙЛАСТЫҚТА

admin_mugalzhar

Шымкент пен Ақтөбе «сары» аймаққа ауысты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.