«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстандық мұғалімдер үш жылда бір рет біліктілікті арттыру курсынан өтеді

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов тамыз конференциясы аясындағы панельдік сессияның отырысында біліктілікті арттыру курстары мен аттестация қалай өтетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр мұғалімдер енді біліктілікті арттыру курстарынан үш жылда бір рет өтетінін атап өтті. Ал аттестация мерзімі өзгермейді.
«Үш жылда бір рет курстан өту деген – бұл негізі жағымды жаңалық. Өйткені біз әрқашанда өзіміздің кәсіби біліктілігімізді дамытып отыруымыз керек. Ол ақысыз, мемлекет тарапынан барлығымызға бірдей мүмкін болса, әрине, педагогтер оған қуануы керек. Бірақ аттестация сол күйінде, бес жылда бір рет болып қала береді. Оның бір-біріне еш қатысы жоқ», — деп мәлімдеді Аймағамбетов.
Ведомство басшысы курстан өткені туралы сертификатты барлығы бірдей алмайтынын айтты.
Ең алдымен, мұғалім курстың алдында тиісті диагностикадан өтеді. Курс аяқталғаннан кейін курстың бағдарламасы бойынша тиісті емтихан өткізіледі. Сол емтиханды сәтті тапсырғандар ғана сертификат алады.
«Тағы бір өте маңызды мәселе – курстан кейінгі қолдау мәселесі. Мұның алдында «Өрлеу» курс өткізіп, содан кейін мұғалімдер өз бетінше қалатын. Бұл дұрыс емес. Курс өткіздің бе, ол сенің жауапкершілігің. Келесі үш жыл осы мұғаліммен жұмыс жүргізу керек. Күнделікті байланыста болуы қажет. Қазір біз осы мәселені ұйымдастырып жатырмыз», — деді министр.
Бұдан бөлек, Аймағамбетов сертификаттар электронды QR-кодтар арқылы берілетінін айтты. Содан кейін толық база әзірленеді. Бұл базадан кімнің курстан өтіп-өтпегенін тексеруге болады.
Министрдің айтуынша, келесі жылы мұғалімдерді барынша көбірек қамту үшін курстардың саны бірнеше есе артады.

Ұқсас ақпараттар

Мемлекет және қоғам қайраткері Камал Бұрханов өмірден озды

admin_mugalzhar

ГАЗЕТ ҰЖЫМЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

admin_mugalzhar

Германияда білімін жетілдіріп жүрген қазақстандық 8 магистрант оқудан шығарылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.