«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

10 АДАМ ІНДЕТ ЖҰҚТЫРДЫ

Өткен аптада аудан бойынша ауданда COVID-19 инфекциясының 10 жаңа жағдайы тіркелген. Оның ішінде 6 науқастың клиникалық симптомдары бар, 4 науқастың клиникалық симптомдары жоқ. Қазіргі уақытта үй карантиніне 21 адам алынып, медициналық бақылаудан өткен. Ауруханада жатып, ем қабылдап жатқандар жоқ.

Ауданда жалпы жыл басынан бері коронавируспен 561 адам ауырды. Ұйымдастырылған ұжымдар арасындағы індет ошақтары анықталмады. Қаңтар айында 442 жағдай анықталса, ақпан айында 52, наурыз айында 4 жағдай тіркелді. Ал сәуір, мамыр, маусым айларында инфекция жұқтырғандар боламады. Бірақ шілде айында инфекция жұқтыру дерегі қайта тіркеліп, COVID-19 инфекциясының 16 жаңа жағдайы анықталды, — деді аудандық санитариялық эпидемиологиялық басқармасының бөлім басшысы Радина Иржанова.

Ұқсас ақпараттар

Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаз болу нағыз білікті, дарынды, шебер маманның ғана қолынан келетінін айтты

admin_mugalzhar

Аудан тұрғындарының назарына!

admin_mugalzhar

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЕКТ ТУРАЛЫ СЕМИНАР ӨТТІ

admin_mugalzhar