«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЕКТ ТУРАЛЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Аудан әкімдігінде «Жасанды интеллект арқылы мемлекеттік органдардағы жұмысты автоматтандыру, имиджді нығайту және дағдарысқа қарсы
коммуникациялар» тақырыбында мемлекеттік қызметшілер мен бюджет саласының мамандарына арналған жасанды интеллект негіздері бойынша семинар өтті.

Іс-шара мемлекеттік қызметте цифрлық технологияларды тиімді, қауіпсіз және жауапты қолдану мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Семинар барысында қатысушылар генеративті ЖИ мүмкіндіктерімен және оны мемлекеттік басқару үдерісінде қолданудың негізгі бағыттарымен танысты.

-Мемлекет басшысының Жарлығымен биылғы жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Осыған сәйкес аталған бағытта семинар өткізіліп отыр. Алдағы кезеңде жасанды интеллект саласында бірқатар ауқымды жұмыстар жүзеге асырылмақ, — деді семинарды жүргізген 24 kz. арнасының журналисті Гүлдана Кален.

Сонымен қатар семинарда ЖИ-ді қауіпсіз пайдалану, деректерді қорғау және этикалық қағидаларға ерекше мән берілгені айтылды. Қатысушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын, жұмыс барысында жеделдету мен ұйымдардың жалпы тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін маңызды технологиялар мен құралдар ұсынылды.

Ұқсас ақпараттар

Мемлекет басшысы «Жастар» саябағында ағаш екті

admin_mugalzhar

2023 жылы туристер үшін әлемдегі 7 қауіпсіз қала аталды

admin_mugalzhar

ҚАЛА ІШІНДЕГІ ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛУДЕ

admin_mugalzhar