Аз күндерде қыр астынан қылышын сүйретіп қыс та келеді. Жаздың әр күнін қысқа азық ететін аудан шаруалары адал малының амандығын үшін шабындықта тер төгіп, шөп шабу науқанын қызу жүргізуде.
Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Бауыржан Жолмағанбетовтың айтуынша, осы жылы төрт-түлікті қыстан аман алып шығу үшін, аудан бойынша 281 500 тонна мал азығын дайындау жоспарланған. Бүгінде шөп шабу науқанына 88 бригада, 247 шөп дайындау техникасы жұмылдырылған. Оның 122-сі трактор болса, 125-і шөп шабатын арнайы техника.
— Бүгінгі аудан бойынша 3298 адам аулада мал ұстайды. Жоспар бойынша 281 500 тонна мал азығы шабылды. Бүгінде оның 171 700 тоннасы тасымалданды. Атап айтатын болсақ, 100 000 тоннасы қыстаққа, 70 700 тоннасы жұртшылыққа тасылды. Қысқа дайындық жұмыстары әлі де жалғасуда. Шөптер тұрғындар үшін тиімді бағамен сатылуда, — деді ол.
Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ