«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Аяла Мирасқызы: Ертеңіміз үшін бүгін білім алуымыз қажет

ШЕТ ЕЛ АСЫП ОҚЫП ЖҮР, МҰҒАЛЖАРДЫҢ БАЛАСЫ…

Білім қуып, шет ел асқан жастардың қатары аз емес бүгінде. Олардың арасында білім аламын деген жасқа мүмкіндік берер түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы да, ата-анасының қаражатымен де оқып жатқандары бар. Әрине, келешектің көкжиегін кеңейту үшін жастарымыздың дамыған елдерді көруі, сол жақтан дәріс алып, елінің кемесін алға сүйреуі қажет-ақ. Қазіргі таңда бұған мемлекет берер мүмкіндік те, жастар тарапынан ынта да баршылық. Әсіресе, дерек пен дәйек соңғы бес жылда дініміз бір, тіліміз ұқсас Түркия елінде білім алатын қазақ жастарының көбейгенін көрсетеді. Бұл елдегі студенттер арасында мұғалжарлық жастар да бар. Бүгінгі нөмір үшін олардың бірқатарына арнайы хабарластық.

-Мен Қандыағаш қалалық №4 ЖББОМ 2023 жылы аяқтадым. Қазіргі таңда Түркия еліндегі Кютахья қаласында Думлупынар университетінде «мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша оқып жатырмын. Оқуға түсуім тез әрі оңай болды десем болады. Сол жақта, яғни басқа елде оқуға шетелдік деңгейдегі жоғары оқу орнында білім алып, халықаралық диплом алу және өз елімде абыройлы қызмет атқаруға деген талпыныс себепболды. Шет елде оқып жатқаныма еш өкінбеймін. Себебі өзімді басқа елде басқа тұлға ретінде көрудемін. Әр түрлі ұлт өкілдерімен танысып, жаңа достар таптым, олардың тілдерін үйреніп, мәдениеттерімен таныстым.

Әрине, отбасымнан жырақ жүруөтеқиын. Бірақ болашақта мұның жемісін, нәтижесін көретініме бек сенімдімін. Оқуға алғаш келгендегі ең басты қиындық тіл білмеуден болды. Бірақ түрік тілін тез үйреніпкеттім. Сол үшін де аса қатты қиындық болмады. Сонымен қатар мұнда менен де бөлек 400-ге жуық қазақ студенттері оқиды. Барлығымыздың мақсаттарымыз бір — білім алу. Әрдайым бір-бірімізге көмектесіп тұрамыз.

Иә, бүгінде талай қазақ баласы жат жерде білім алып жүр. Олардың ішінде елге қайтып оралмайтындары да бар, яғни сол шет елде қалғысы келетіндерді де білемін. Алайда менің жеке ойым – алған білімім мен тәжірибемді, шет елде жүріп көңілге тоқығандарымды туған жердің өсіп өркендеуіне жұмсау. Оқуымды аяқтаған соң міндетті түрде Қазақстанға қайта ораламын. Өз елімде жұмыс жасаймын. Қазір елімізде білімді жастар қатары көбейіп келеді. Солардың бәрі отаншыл болып, ел мүддесін жоғары қоятын болса, жарқын күндеріміз алда екеніне сенемін.

Ал қазіргі ең басты мақсатым – жақсы білім алып, атаанамның, жақындарымның үмітінақтап, біліктімаманиесі болу.

Айгерім ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе көш бастады

admin_mugalzhar

ТІЛ — ЕҢ АСЫЛ ҚҰНДЫЛЫҚ

admin_mugalzhar

Kaspi.kz, Денсаулық сақтау және Цифрландыру министрлігі анықтама алу сервисін іске қосты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.