«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МАҚСАТ — ДІНИ АХУАЛДЫ ЗЕРДЕЛЕУ

Аудан орталығына аудандағы діни ахуалды зерделеу мақсатында конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының мамандары келді. Талғат Жакенов бастаған топ мешіт имамдарымен, аудан теологтарымен, қоғамдық аналар, ардагерлер кеңесінің мүшелерімен және дінтану пәнінің мұғалімдермен кездесіп, дәстүрлі дін мен жат ағым төңірегінде жүргендер туралы кеңінен сұхбат құрды.

Жиын барысында Жастар арасындағы дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының басшысы Әділет Маусымов аудан аумағындағы теріс бағытта жүргендер туралы, ауданның жалпы діни ахуалы жайында мағлұмат беріп өтті. Бүгінде ауданда жат ағымның жетегінде жүрген азаматтар мен азаматшаларды оңалту мақсатында жұмыстар жоспар бойынша жүргізілетіні айтылды. Сонымен қатар, кездесу барысында мектеп формасы, жастар арасындағы түрлі бағыттар, әйел азаматшалардың киім үлгісіне баса назар аударылды.

Ұқсас ақпараттар

Динара НҰРҒАЛИЕВА: «ИСЛАМ ДІНІНДЕ ӘЙЕЛДІҢ МӘРТЕБЕСІ ЖОҒАРЫ»

admin_mugalzhar

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау бір күнде өтеді

admin_mugalzhar

ТАСҚЫНҒА ТӨТЕП БЕРГЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.