«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАҢАТҰРМЫС АУЫЛЫНДА КЕШЕНДІ БЛОК МОДУЛІ ОРНАТЫЛДЫ

Аудан әкімі және Қ.Жұбанов ауылдық округінің әкімі жарты жылдықта атқарылған жұмыстар туралы 152 тұрғыны, 29 үйі бар Жаңатұрмыс ауылында есеп берді.

Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Жаңатұрмыс ауылында үш фильтрі бар (химиялық, физикалық, гидрокарбонаттық) кешенді блок модулі орнатылды.
Жаңатұрмыс ауылына газ тарту үшін өткен жылы Жұрыннан Қаракөлге жеткізуші газ құбыры тартылып жатырған кезде облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан әкімі мердігермен келісіп, қосылу нүктесін (место подключения) қалдыртып кетті.

Сол жерден Жаңатұрмысқа 7 шақырымдық жеткізуші газ құбырын және 29 үйге, мектеп пен клубқа ауылішілік газ жүйесін тартуға жоба дайындалды. Тамыз-қыркүйек айында мемлекеттік сараптамадан өткен соң, келесі жылы құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін қаражат сұратылады.
Жаңатұрмыс негізгі мектебін күрделі жөндеу мақсатында жоба дайындалды. Жоба құны 52 млн.теңге. Қазіргі таңда облыстық экономика басқармасына бөджеттік өтінім берілді.
Жаңатұрмыс медициналық пунктіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сәуір айындағы кездесуде аудан әкімінің жеке қабылдауына 2 ауыл тұрғыны шабындық жер сұраған болатын. Сол мәселе қанағаттадырылды. 3 ауыл тұрғыны балаларын жұмысқа орналастыруды сұраған. Қазіргі таңда бір адам ақылы қоғамдық жұмысқа және екі адам жастар практикасына орналастырылды.
Өткен жылы Қ.Жұбанов ауылдық округіне мал жайылымын кеңейту мақсатында жалпы 6 448 га босалқы жер қосылды, соның ішінде 5 019 га Жаңатұрмыс ауылына тиесілі.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан малға сырға салу және екпе жасау бойынша сұрақтар қойылып, аудандық ветеринариялық стансасының бастығы Б.Тлеулин тиісті жауаптарды берді.
Кездесуден кейін аудан әкімі жеке қабылдау өткізді.

Ұқсас ақпараттар

ЖАҢАТҰРМЫС АУЫЛЫНА ГАЗ БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

ЖҰРЫНДЫҚ АНСАМБЛЬ ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

admin_mugalzhar

НАУРЫЗ АЙЫ БОЛҒАНДА, ТОЙ БОЛЫП ЖАТЫР БҰЛ МАҢДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.