«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БАҚША БАПТАП, БЕРЕКЕ ТАПҚАН КӘСІПКЕР

Еңбек ауылдық округіне қарасты «Вайнах» шаруа қожалығы суармалы жерді игеруге ерекше мән берген. Биыл аталған шаруашылық 6 гектар жерге картоп, 5 гектар жерге көкөніс және 4 гектар жерге бақша өнімдерін екті. «Вайнах» шаруа қожалығының иесі Анзор Айсаханов бүгінгі таңда 4 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Жаз бойы бел жазбай еңбек етті. Ерте көктемнен басталған тынымсыз тіршілік еш кеткен жоқ.

Шаруа қожалық бүгінгі күнге, 4,5 гектар көкөніс (қияр, қызанақ), 4 гектар бақша (қарбыз, қауын) өнімдерін жинап, 130 теңге шамасында қарбызды, 130 теңгеден қауын, 350 теңгеден қияр, 400 теңгеден қызанақты сатуда.
«Вайнах» шаруа қожалығының өнімдері Қандыағаш қаласының базарында, дүкен сөрелерінде қолжетімді бағамен тұрғындарға ұсынылуда.

Ұқсас ақпараттар

СПАС ОТ НЕМИНУЕМОЙ СМЕРТИ ШЕСТЬ ЧЕЛОВЕК

admin_mugalzhar

ТҰМАУ ӨРШІП ТҰР!

admin_mugalzhar

Мұғалжар ауданында автожолдарды дамытуға қатысты 21 жоба іске асырылуда

admin_mugalzhar