«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мұң, ашу және реніш адам денсаулығына қалай әсер етеді?

Аурудың туындау себебін жүйке жүйесімен байланыстырып жатады. Адам әдетте өз-өзін жан-жақтан қысып, артық дем алуға мүмкіндік бермейді. Ал сәл босаңсыған кезде ми күйзелістен кейін қалпына келу үшін түрлі гормондар бөле бастайды. Адамның көңіл-күйі құбылып, әртүрлі жағымсыз эмоциялар туады. Бірі өзінен-өзі жабылып қалса, енді бірі бар ашуын айналасындағылардан алады. Бүгін жағымсыз эмоциялар адамның физикалық және рухани жағдайына қалай әсер ететінін бірге анықтайтын боламыз.
Мұң
Адам жаны мұңға толған кезде адам денесіндегі серотонин, норэпинефрин және допамин гормондарының мөлшері қатты азайып кетеді. Тәттіге құмарлық серотонин жетіспеушілігінің – алғашқы белгісі. Егер ұзақ уақыт көңіл күйіміз болмаса, уақыт өте тәбет те жоғалуы мүмкін.
Ішке түскен тамақ азайған соң, дене «қуат сақтау» режиміне түседі. Ас қорыту баяулап, қозғалғысы келмейді. Адамның көңілі түскенде, иығы салбырап, бірден бүкірейіп отыран әдеті бар. Соның кесірінен арқаға салмақ түседі. Остеохондроз болу қаупі артады.
Ашу
Адам баласы жарытылысынан төнген қауіпке екі реакция арқылы жауап қатады: «Ұр» немесе «Қаш». Ашу дегеніміз «ұрудан» басталады. Қол көтеріп, төбелес шығармаса да, ашумен талай адамға ауыр сөз айтып, жанын жаралауы әбден мүмкін. Ашу кезінде адам қарсы жақтан жауап күтіп, іштей дайындалатындықтан адреналин мен кортизол мөлшері бірден өсіп кетеді.
Бұл гормондардың қорқынышқа да жауапты екенін ескерсек, олар қанды біраз қоюлату арқылы қорғанады. Өйткені, жарақат алған жағдайда қанның кетуінен сақтайды. Бұлшық еттер жиырылып, жүрек соғысы жиілеп, жұдырық түйіледі. Егер адам ашуыне ерік беріп, төбелесе жөнелсе, ұйыған қан мен жүрек соғысы қан қысымының көтерілуі мен ентігуге әкеледі. Жиі ашуланатын адамда инфаркт белгілері ерте жаста-ақ байқалуы мүмкін.
Өкпе-реніш
Өкпе-реніш – шығарылмай қалған ашу. Оның жұмыс істеу механизмі ашумен бірдей, тек ол аяқсыз қалады. Яғни, адам ашуды жеңіп, үндемей құтылуға шешім қабылдайды.
Адам ренішпен өмір сүре бастаған кезде оның ас қорыту жүйесі өз жұмысын тоқтатады, тәбет түсіп, іш қату мазалайды. Бұлшық ет жиырылып, соның әсерінен «тамаққа тірелген өксік» сезім туындайды.
Эмоция көрсетілуі керек. Сол арқылы адам өзінің ішкі жан дүниесі мен денесін аурудан сақтайды.

massaget.kz

Ұқсас ақпараттар

ӨНЕР ҚҰДІРЕТІ – МӘҢГІЛІК

admin_mugalzhar

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ

admin_mugalzhar

АУДАНДЫҚ ГАЗЕТ — ӨЗ АУЫЛЫҢНЫҢ АЙНАСЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.