«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ЖӨНДЕУ БАРЫСЫ ҚАРАЛДЫ

Аудан әкімі Ембі қаласындағы көп жылдан бері қаңырап бос тұрған Бауыржан Момышұлы көшесінде орналасқан 90 пәтерлі №15 үйдің жөндеу жұмыстарын қарады. Көпқабатты тұрғын үйді жөндеп жатқан мердігер «Қолғанат құрылыс» ЖШС-нің директоры Мұхамбетқали Мамамбаев аудан әкіміне есеп берді.

Бүгінгі күні көпқабатты тұрғын үйдегі барлық 6 подъезіндегі пәтерлердің ішкі жөндеу жұмыстары аяқталған. Тұрғын үйдің шатыры жаңартылып, электр жүйелерімен жылу жүйесі жүргізілген. Пәтерлердің барлығына жаңа есік, терезелері қондырылып, кафельдер орнатылып, линолеум төселген. Ендігі кезекте пәтерлерге әжетхана қондырғыларымен ванналар орнатылатын болады. Бұл материалдардың барлығы әкелінген. Осы орайда, аудан басшысы мердігерге көпқабатты тұрғын үйдің сырт келбетіне орнатылатын ақ, көк түсті сайдингтерді күн жылы кезде уақытылы әрі сапалы жасап болуды тапсырды.

Сонымен қатар аудан әкімі көпқабатты тұрғын үйдің жер төлесінде орналасқан автоматтандырылған жылу пунктінің (автоматический тепловой пункт) жұмысын тексерді. Автоматтандырылған жылу пункті — жылыту және ыстық сумен қамту жүйелеріндегі жылу тасымалдағыштың параметрлерін бақылау және автоматты түрде басқару арқылы энергияны үнемдей отыра, тұрғын үйдегі жылу тұтынуды тиімділеп, ғимарат ішінде жайлы климаттық жағдай орнатуға арналған құрылғы болып табылады.

Аудан басшысы кейін бұл үйді күтіп ұстау үшін мүліктің меншік иелері бірлестігін (ОСИ — обьединение собственников имущества) құруды және автоматтандырылған жылу пунктінің қысқы жылыту маусымында қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті мамандарды (электрик, оператор) дайындау бойынша Ембі қаласының әкімі Райымбек Мусағалиға тиісті тапсырмалар берді. Ал «Ембі жылу» мекемесінің директоры Берік Нұртаевқа жылыту маусымы басталмай тұрып, автоматтандырылған жылу пунктіндегі барлық жүйелерді тексеруді жүктеді.

Сондай-ақ аудан әкімі Ембі қаласының жалпы қысқа дайындық жұмыстарын қарап шықты. Былтырғы жылы «Нұр» мешітінің қасында орналасқан жылыту қазандығы кеңейтілген болатын. Оның ішіндегі екі жылу қазандығына қосымша биылғы жылы жаңа тағы бір қазандық алынды. Алдағы уақытта тұрғын үй тапсырылғаннан кейін барлық үш жылу қазандығы да жұмыс жасайтын болады.Көпқабатты тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін пәтер кезегінде тұрған отбасыларға заңдылыққа сәйкес беріледі.

Ұқсас ақпараттар

Түркімен билігі шетелдегі еңбек мигранттарының елге қайтуын талап етіп жатыр

admin_mugalzhar

ТЕМІРДЕН ТҮЙІН ТҮЙГЕН АСЛАН

admin_mugalzhar

Бас прокуратура: қылмыс жасады деген күдік бойынша 2,5 мыңнан астам адам іздеуде

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.