«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТАҒАМНАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ – МАҢЫЗДЫ

Ауданның санитариялық дәрігерлері аудан аумағындағы тамақтану саласы бойынша қызмет көрсететін кәсіпкерлік субъектілері иелерімен кездесіп, семинар өткізді.

Семинар барысында аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ерлан Мұратов кіріспе сөз сөйлеп, кәсіпкерлер үшін маңызды санитариялық-эпидемиологиялықөзгерістерменталаптар туралы хабарлама жасады. Сонымен бірге тағам дайындау барысында санитариялық нормаларды қатаң сақтап, сапалы қызмет көрсету маңызды екенін атап көрсетті.

Ал «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Мұғалжар аудандық филиалының директоры Көмекбай Бектұрғанов кәсіпкерлерге өз құқықтарының бұзылмауы үшін алдын алу шараларын уақытылы атқаруын тілге тиек етті. Сондай-ақ жалпы осындай бас қосулардың негізгі мақсаты — таза, адал кәсіп жасау арқылы бизнесті жаңа қадамға дамыту, бизнес пен бақылаушы органдар арасында тығыз байланыс пен түсіністік орнату жолымен кәсіпкерлерге жаңа жол ашу екендігін де айта кетті.

Қоғамдық тамақтандыру орындарына және Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын талаптар туралы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас мамандары Жанар Нағашыбаева мен Айнагүл Темірбаева тарапынан баяндамалар оқылды. Отырыс соңында кәсіпкерлер тарапынан түскен сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныстары тыңдалды.

А.ДАРХАНҚЫЗЫ

 

Ұқсас ақпараттар

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЕКТ ТУРАЛЫ СЕМИНАР ӨТТІ

admin_mugalzhar

АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ АУДАНҒА КЕЛДІ

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзі

admin_mugalzhar