«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАНДЫАҒАШТА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

Қандыағаш қаласында «Azhbenov Boxing» бокс залы ашылды. Спортты серік еткен жасөспірімдер енді осы жерде бокспен айналысып, жаттыға алады. Бокс залының ашылу салтанатына аудан әкімі Асқар Шериязданов қатысып, бокс залын бірлесіп ашып жатқан бокстан UBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы, WBC тұжырымы бойынша Азия чемпионы Нұртас Әжбенов пен бокстан облыстық, республикалық, халықаралық жарыстардың жеңімпазы Байбек Жақыптың жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар Нұртас пен Байбектің бірлесіп ашып жатқан бокс залының ашылуында жерлестеріміз NFS тұжырымы бойынша Әлем чемпионы, жекпе-жек шебері Әліби Ідіріс, кәсіпқой боксшы Айдос Медет және NFS тұжырымы бойынша Әлем чемпионы Нұрбек Кабрахманов қатысып, Қандыағаш қаласында спорттың дамып жатқандығы туралы қуаныштарымен бөлісті.
Жаңадан ашылған бокс залының лентасын Нұртас пен Байбектің алғашқы бапкерлері Аманкелді Үсенбаев қиды.Қажетті құралдармен жабдықталған залда боксшылар үшін барлық жағдайлар жасалған. «Жастық» мөлтек ауданы 41 үйде орналасқан бокс залы 5 жастан жоғары балаларды қабылдайды.

Ұқсас ақпараттар

Отыз мыңнан астам ақтөбелік бір мезетте гимн шырқады

admin_mugalzhar

АЛТЫНДЫДА АУҚЫМДЫ ІСТЕР АТҚАРЫЛМАҚ

admin_mugalzhar

Атырауда Ұлттық құрылтайдың үшінші жиыны басталды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.