«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕМБІДЕ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӨНДЕЛУДЕ

Ембі қаласында иесіз бос тұрған 90 пәтерлі тұрғын үй күрделі жөндеуден өтуде. Жөндеу жұмыстарын «Қолғанат құрылыс» ЖШС-і жүргізуде.

Бүгінде Бауыржан Момышұлы көшесінде орналасқан 6 подъезді №15 үй ішінің жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған. Үйдің шатыры жаңартылып, электр және жылу жүйесі жүргізілген. Пәтерлердің барлығына жаңа есік, терезелер қондырылып, қыш тастар жабыстырылып, еден жабындылары төселген. Алдағы уақытта пәтерлерге әжетхана қондырылып, ванналар орнатылады. Көпқабатты тұрғын үйдің сырты мен қасбеті ақ және көк түсті сайдингтермен қапталатын болады.

Сонымен қатар тұрғын үйдің жертөлесінде автоматтандырылған жылу пункті орнатылған. Ол жылыту және ыстық сумен қамту жүйелеріндегі жылу тасымалдағыштың параметрлерін бақылау және автоматты түрде басқару арқылы энергияны үнемдеп, тұрғын үйдегі жылу тұтынуды тиімді етеді.

Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

У СЕЛЬЧАН КРУГЛЫЙ ГОД ХВАТАЕТ ЗАБОТ

admin_mugalzhar

Жаңа жыл жақсылығымен келсін

admin_mugalzhar

Бірыңғай уақыт белдеуі: Қазақстан халықаралық ұйымдарды хабардар етті

admin_mugalzhar