«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

Мұғалжар ауданының әкімі А.Шериязданов «Каспий Нефть ТМЕ» АҚ президенті Лян Веймен аудан тұрғындарын жұмыспен қамту мақсатында аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастыру жөнінде келіссөздер жүргізді.

Кездесуге вице-президенттің өндіру жөніндегі көмекшісі Әсем Мұрат және кәсіпорынның заңгері Ерлан Вагитов қатысты. Қазіргі таңда Жаңажолда орналасқан мұнайгаз өндірумен айналысып отырған кәсіпорында 78 адам жұмыс жасайды. Талаптарға сәйкес жыл сайын 13-15% — ға жұмысшылардың жалақысын көтеріп отырады.

Аудан әкімі кездесуге аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры мен орынбасарын қатыстырып, жоғарыда аталған кәсіпорынның басшысына жергілікті кадрларды жұмысқа қабылдау және ҚР-ның жұмыспен қамту Заңына сәйкес бос жұмыс орындарына міндетті түрде мұғалжарлық тұрғындарды квалификациялық талапқа сәйкес жұмысқа қабылдауды тапсырды.
Осы тапсырма қарқынды жүруі үшін осы кәсіпорынның кадр бөлімімен жұмыспен қамту орталығының мамандарын тығыз байланыстырып, осы қарқынмен жұмыс жасауды міндеттеді. Өз кезегінде кәсіпорын президенті бұл мәселені толығымен қолдайтынын және дәл қазіргі сәтте инженер-механик, инженер КиПиА және технолог мамандары қажет екендігін және аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы мамандарды жұмысқа қабылдайтынын жеткізді.

Сонымен қатар, аудан басшысы осыдан 12 жыл бұрын «Каспий Нефть ТМЕ» мекемесінің қасынан газды тиімді пайдалану мақсатында салынған кірпіш зауытының мәселесіне ерекше тоқталды. Бұл жұмысты жандандыру, тиісті газ мәселесін шешу, осы мақсатта арнайы кірпіш шығару құрылыс саласында жұмыс жасайтын алматылық инвесторды шақырды.
Аудан әкімі осы кәсіпорындарға əрі қарай өзара келісім арқылы кірпіш зауытын жандандырып, жаңа жұмыс орындарын құру туралы ұсыныс айтты. Кәсіпорын президенті өз кезегінде бұл кірпіш заводының жер актісін, техпаспортын, құрал-жабдықтарының тізімін қайта қарап, аудан әкімі шақыртып берген инвесторымен кездесіп әрі қарай жұмыс барысын қолға алатындығын жеткізді.

Келіссөздер соңында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында кәсіпорын жақын жерде орналасқан ауылдарға әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруы талқыланды.

Ұқсас ақпараттар

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Астанадағы этноауылдарға 3 күнде 70 мыңнан астам адам кірді

admin_mugalzhar

МӘМС: МАҚСАТ – МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕККЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ АРТТЫРУ

admin_mugalzhar

Ақтөбеде жазасын өтеп жатқандар аттестат алды. Олардың арасында 40 жастан асқандар да бар

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.