«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕҢБЕКТІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАУДА

Бүгін Еңбек ауылдық округінде ауыл әкімінің сайлауы өтуде. Еңбек ауылдық округі бойынша 4 сайлау учаскесі таңнан бері есіктерін айқара ашып, сайлаушыларды қабылдауда. Олар — Сағашилі ауылындағы #341 сайлау учаскесі, Басшилі ауылындағы #342 сайлау учаскесі, Темір-Көпір ауылындағы #344 сайлау учаскесі және Тепсең-Қарабұлақ ауылындағы #343 сайлау учаскесі. Ауылдың жарқын болашағы үшін өз таңдауларын жасауға ауыл тұрғындары өз сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беруде.
Округ орталығы Сағашилі ауылында орналасқан сайлау учаскесінде жалпы дауыс берушілер саны — 1338 адам. Сағат 10-00-ге дейін 60-қа жуық адам дауыс беріп үлгерген. Ауыл тұрғыны Жұмабек Дәулетов аталған сайлау учаскесіне келіп, алғаш болып дауыс берген.

Ұқсас ақпараттар

Ақшалай сыйақы үшін қарулы қақтығыстарға қатысудың құқықтық салдары туралы

admin_mugalzhar

Жолдау-2025: Ақтөбеде өңдеу өнеркәсібінде 93 жоба жүзеге асырылмақ

admin_mugalzhar

Нұрлыгүл Көшекбаева Темір ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

admin_mugalzhar