«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАЙСАР ЖАНДАР СЫНҒА ТҮСТІ

Жыл сайын қазан айының екінші жексенбісінде «Дүниежүзілік мүгедектер күні» аталып өтіледі. Осыған орай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Қандыағаш қалалық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде мүгедектігі бар жандар арасында түрлі спорттық шаралар ұйымдастырды. Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Ғалым Қобландин қатысып, тағдыр тауқыметін арқалап қана қоймай, қайсарлық танытып жүрген жандарды мерекелерімен құттықтады. Сонымен бірге мүгедектігі бар жандарға мемлекет тарапынан жасалған жақсы мүмкіндіктер мен аудан аумағында атқарылған игі істер туралы айтып өтті. Спорттық ойындардың шымылдығын үйде оқитын және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарға баратын мүгедектігі бар балалардың аналары ашып берді. Олар «Көңілді мәре» командалық сайысына қатысып, жылдамдықтары мен шеберліктерін көрсетті. Жарыс нәтижесі бойынша «Барыс» командасы І орынды, «Қыран» командасы ІІ орынды жеңіп алды.
Ал теннис, шахмат, дойбы, тоғызқұмалық ойындарынан өткен жарысқа мүгедектігі бар жандар қатысты. Ұтқырлықтары мен тапқырлықтарын танытып, жеңіс тұғырынан көрінгендерді аудан әкімінің орынбасары Ғалым Қобландин марапаттап, медаль және бағалы сыйлықтар табыстады.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда 2,3 млн-нан астам адам біржолғы төлем алды

admin_mugalzhar

Дәрігерлердің коронавирус жұқтыруы неліктен көбейіп кетті – ДСМ себебін түсіндірді

admin_mugalzhar

Qazvac БАӘ мен басқа да мұсылман елдеріне жіберіледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.