«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Бағдат Мусин алдағы уақытта электронды цифрлық қолтаңба QR-мен алмастырылатынын мәлімдеді

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин алдағы уақытта ЭЦҚ орнына QR-кодтар енгізелітінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Министрі мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында электронды-цифрлық қолтаңбадан бас тарту, халыққа қызмет көрсету орталықтарынан құжаттар алу, емханаға тіркелу және бизнеске арналған қызметтерді жетілдіру мәселелері қарастырылғанын сөз етті.

“Менің ойымша, біз бірінші кезекте халыққа электрондық қызметтерді пайдалану ыңғайлы екеніне көз жеткізуіміз керек. Қазіргі уақытта QR арқылы қол қою механизмі әзірленді, ол ыңғайлы және қауіпсіз. Оны барлық порталдарға енгізу ғана қалды. Бұл жұмысты жандандыру және NCALayer жүйесінен толық бас тарту бойынша тапсырма бердім”, – дейді Мусин.

Ол отырыс барысында көтерілген мәселелерге тоқталды.

“Кейбір жағдайларда қызмет алушылар қандай да бір құжаттың дайын болғаны туралы СМС хабарлама алып, ХҚКО-ға келгенде оның әлі жеткізілмегенін біліп жатады. Біз бұл қызметті жетілдіріп жатқанымызды және жақын уақытта адамдар халыққа қызмет көрсету орталықтарына қайта келмей, қызметтерді электрондық түрде, уақытында алатынын атап өтемін.

Сондай-ақ, жақын арада емханаға тіркелу процесін толық автоматтандыру жоспарлануда. Мұндай бастаманы Денсаулық сақтау министрлігі ұсынды. Яғни, өтініштер қағаз түрінде қаралмайды, жүйенің өзі бәрін тексереді және тіркейді, ал көшкен кезде адамға жаңа тұрғылықты жері бойынша емхана ұсынылады”, – деп қосты министр.

Оның сөзінше, Әділет министрлігінің бастамасымен деректерді өзгерту процестерін жеңілдету, мысалы, тіркеу мекенжайын өзгертуге қатысты ұсыныс қаралған. Бұл қызмет банктердің қосымшаларында қолжетімді болады. Тек техникалық тұрғыда іске асыру ғана қалды, сондықтан мен бұл жұмыстарды жеделдетуді тапсырдым.

“Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметтер үшін төлем енгізу жағдайы талқыланды. Шетелдіктердің қызмет алуы кезінде ақы төлеу жүйесін енгізуге баса назар аударылды. Мен мүдделі мемлекеттік органдардағы (Ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі, Қаржы министрлігі) мен Үкіметтегі әріптестеріме азаматтарға келесі жылдан бастап шетелдіктер үшін төлем енгізу механизмін әзірлеуді тапсырдым”, – деді Мусин.

Ұқсас ақпараттар

ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІМЕН ЖАБДЫҚТАЛАДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасын бекіту туралы

admin_mugalzhar

1 наурызда «Отау» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.