«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде битум зауыты салынады

Ақтөбе облысы битумға деген өз қажеттілігін толығымен өтеп, қажет болған жағдайда еліміздің бүкіл Батыс аймағын шикізатпен қамтамасыз етуді көздеп отыр.

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен «ҚазақБитум» ЖШС басшылығы Астанада өткен Kazakhstan Global Investment Roundtable отырысы барысында инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге келді.

Маңызды шараға жетекші халықаралық компаниялар мен отандық бизнес, инвесторлар, беделді сарапшылар, салалық министрліктер, квазимемлекеттік компаниялардың басшылары, отандық кәсіпорындардың 500-ден астам өкілдері қатысты.

Битум зауытын салу туралы келісім — KGIR 2022 форумында қол қойылған маңызды құжаттардың бірі. Соңғы жылдары жолдарды жөндеу және салу жұмыстары қарқын алған Ақтөбе облысы үшін келешегі бар жобаға «ҚазақБитум» ЖШС бастамашы болды.

Биылғы жылы облыста 663 шақырым жол жөнделеді. 2023 жылы 516,3 шақырым жол жоспарланған, оның 465,7 шақырымы — жергілікті маңызы бар 50,6 шақырымы – көше-жол желісі.

Айта кету керек, Ақтөбе облысында 2022 жылы битум тапшылығы мен құнының қымбаттауына байланысты кейбір кәсіпорындар жұмыс қарқынын бәсеңдетуге мәжбүр болып, жұмыс кестесін өзгертіп, жол нысандарының уақытылы тапсырылмау қаупін арттырды. Туындаған жағдай Шымкенттегі зауыттан битумның қосымша көлемін жедел жеткізу туралы облыс әкімінің келісімінің нәтижесінен кейін оң шешімін тапты.

Бұл мәселені жүйелі шешу үшін Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысындағы битум қоймаларының қуаттылығын арттырып, қыс мезгілінде сұраныс аз кезде битум сатып алуды барынша арттыру міндетін қойды.

Жол желісін дамытудың алдағы перспективаларын ескере отырып, облыс басшылығы «ҚазақБитум» ЖШС-мен Ақтөбе облысында битум зауытын салу туралы келісімге келді. Ауыр мұнайдан, мазуттан, гудроннан жоғары сапалы битум өндіру, әртүрлі маркадағы битумдарды ауыстырып тиеу және маусымаралық сақтау жобасын жүзеге асыру 2023 жылдан басталады.

Зауыттың қуаттылығы тәулігіне 500 тоннаға дейін битум эмульсиясын және 1000 тоннаға дейін жол, құрылыс және шатыр битумдарын шығаратын болады.

Жобаның құны 50 миллион АҚШ долларын құрап, өндіріс іске қосылғанда 100 жұмыс орны ашылады.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Астық жинау жұмыстары аяқталуға жақын

admin_mugalzhar

ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ЖОЛДА ҚАЛҒАН ЖОЛАУШЫЛАРҒА КӨМЕКТЕСТІ

admin_mugalzhar

МГТК: Аудан жастары тегін оқи алады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.