«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе облысында Қазақстандағы ең ірі болат балқыту зауыты салынады

Астанада өткен Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов «QazSpetsSteel» ЖШС-мен болат балқыту зауытының құрылысы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Іс-шараға жетекші халықаралық компаниялар мен отандық бизнес, инвесторлар, беделді сарапшылар, салалық министрліктер, квазимемлекеттік компаниялардың басшылары, отандық кәсіпорындардың 500-ден астам өкілдері қатысты.

«Зауыт қазақстандық өндірістегі темір рудасы, флюс, ферроқорытпалар мен отынды пайдаланудағы бірегейлігімен ерекшеленеді. Бұл шетелдік жабдықтаушыларға деген тәуелділіктен толығымен арылуға мүмкіндік береді. Жобаның өңір үшін де, жалпы ел үшін де маңызы өте зор. Оны жүзеге асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», — деді меморандумға қол қойғаннан кейін аймақ басшысы.

Жоба қазақстандық өндірушілерді рельстер, теміржол дөңгелектерін, құрылыс арматураларын және пішінді болаттарды өндіруге арналған блюмдер, дайындамалармен қамтамасыз етеді. Бұл жылына жалпы жиынтығы 990 миллион долларға дайындамалар мен құрылыс арматураларының импортынан арылтады және қазақстандық прокат өндірушілерді сапалы дайындамалармен қамтамасыз етеді.

«QazSpetsSteel» ЖШС жобаға 587 миллион АҚШ долларын инвестициялайды. Зауыттың қуаттылығы жылына 800 мың тонна өнімді құрайды. Зауыт толық қуатында жұмыс істегенде 1500 адам жұмыспен қамтылады.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

admin_mugalzhar

30 қазанда телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТА «АЛДИЯР» БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚШАСЫ АШЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.