«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖОЛДАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған «Біртұтас ұлт. Әділетті мемлекет. Берекелі қоғам.» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру, талқылау мақсатында аудандық ақпараттық топ «ШЧ» Қандыағаш Теміржол мекемесі ұжымымен кездесті.

Кездесуде «AMANAT» партиясының Мұғалжар аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты К. Бектұрғанов, аудандық Қоғамдық кеңестің хатшысы Т.Махимов Жолдаудың маңыздылығы мен даму бағытында елдің әр азаматының әл-ауқатын жақсарту, бірқатар тың әлеуметтік бастамаларды көтергенін, оны бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ел болып жүзеге асыру бәріміздің міндетіміз екенін жеткізді.

Ақпараттық- насихат топ мүшелері мекеме қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, толғандырған сауалдарын жауап берді.

Ұқсас ақпараттар

ЖЫЛЫЖАЙ АШАМЫН ДЕУШІЛЕРГЕ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

КЕН ОРНЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҮЛЕСІ АРТУДА

admin_mugalzhar

МАССАЖИСТ ДИДАР АПАЙ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.