«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕМБІДЕ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

Республика күні мерекесіне орай Ембі қаласының 55 жылдығы және Ғазиза Жұбанованың 95 жылдығына орай «Қазақтың Ғазизасы» атты ақындар айтысы болып өтті. Аталған айтыстың өтуіне Ембі қаласының әкімдігі мен қала кәсіпкерлері атсалысқан.

Айтысқа республикаға, облысқа танымал ақындар Қ.Жұбаниязов, Е.Әуесхан, Н.Жауынбай, А.Көшкенбаев, Ж.Бейбітов, С.Орынбаев және Жемнің жүйрігі Ж.Шәлтен қатысты. Сөз додасына қатысқан ақындарға айтыскер ақын Ж.Сүндетбаева, ақын А.Жолмағамбетов, тарих пәнінің мұғалімі С.Әлиев, Ембі қалалық мәдени орталығының директоры Н.Шамуршанова және қалалық кітапхананың әдіскері А.Сегізбайқызы қазылық етті. Ал шараны Ембі қалалық мәдени орталығының қызметкері, айтыскер-ақын Е.Сарман жүргізді. Ақындар жеребе бойынша жұпталып, өз өнерлерін көрсетті. Бірінші айналым қорытындысы бойынша жеңіске жеткен төрт ақын екінші айналымда айтыстың көрігін кіргізді. Соңында сүбелі сөзден өрелі өлең өрген Ж.Бейбітов пен Е.Әуесхан Бас жүлдені сарапқа салды. Әділқазылар шешімі бойынша Е.Әуезхан Бас жүлдені жеңіп алып, 200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды. Ал жүлделі І орынды қанжығасына байлаған Ж.Бейбітов 150 мың теңгемен, ІІ орынды алған Н.Жауынбаев 120 мың теңгемен марапатталды. ІІІ орынды місе тұтқан С.Орынбаев 100 мың теңгені еншіледі. Бірінші айналымға қатысқан ақындарға Алғыс хаттар мен 50 мың теңгелік сертификаттар табыс етілді. Айтыс ембіліктердің көңілінен шықты. Сөз жарысын тамашалауға келгендер ақындарға алғыстарын білдіріп, ақ баталарын беріп тарқасты.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

ӘЗІЛІМІЗ ПРАНКСЫЗ ЖАРАСПАЙТЫН БОЛҒАНЫ МА?

admin_mugalzhar

КӘСІПОДАҚ — ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ҚОРҒАНЫ

admin_mugalzhar

Оқулықтар 100% цифрлық форматқа көшірілді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.