«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«КҮМІС ЖАС»: 64 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Аталған бағдарлама аясында зейнеткерлікке жасы таяған азаматтар жұмысқа орналаса алады. Аудандық «Мансап» орталығының сектор меңгерушісі Назгүл Әбілғазина аталған жоба аясында аудан бойынша жалпы саны 64 адамның жұмыспен қамтылғанын жеткізді.

«Күміс жас» жобасының игілігін көріп жатқандардың бірі — Еңбек ауылдық округінің орталығы Сағашилі ауылының тұрғыны Наталья Переходович. Бү-гінде ол ауылдағы «Гүлпара» наубайханасына жұмысқа орналасқан.

— «Мансап» орталығының мамандары жұмысқа тұруға ниет білдіргендерге мемлекеттік бағдарлама аясында барынша  көмек көрсетуге дайын. Аудан бойынша «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба» шеңберінде «Күміс жас» жобасымен 57 адамды жұмыспен қамту жоспарланған болатын. Бүгінде жоспарды артығымен орындап, 64 адамды жұмыспен қамтыдық. Айта кететін бір жайт, жалақыны жұмыс беруші белгілейді және төлейді. Бұл ретте 30 айлық есептік көрсеткіштен аспайтындай мемлекет алғашқы 12 айда жалақының 70%-ын, 13 айдан 24 айға дейін жалақының 65% -ын, 25 айдан 36 айға дейін жалақының 60%-ын төлейді, — деді Назгүл Әбілғазина.

Оның сөзінше, аталған жобаға қатысушылар 36 ай көлемінде жұмыс жасайды. Белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін зейнетке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орнына орналастырылады.

Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

179 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ӘСКЕРИ МІНДЕТІН АТҚАРУДА

admin_mugalzhar

Мұғалімді балағаттап, қоқыс қалдыру: 2025 жылы айыппұл қанша теңгеге өседі

admin_mugalzhar

«АБАЙЛАҢЫЗ, БАЛАЛАР!» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

admin_mugalzhar