«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАНҒА «СЫР ДИДАРЫ» ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКТОРЫ КЕЛДІ

Қызылорда облыстық «Сыр дидары» газетінің редакторы, дәстүртанушы, облыстық АТТ мүшесі Сәкен Алдашев Мұғалжар ауданына іс-сапармен келді.

«Парасат» ақпараттық-кеңес беру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен Мұғалжарға келген дәстүртанушы Сәкен Мінуарұлы Қандыағаш қалалық №1,2,3,4,5 мектептерінде болып, жоғары сынып оқушылармен және ата-аналарымен кездесті. Жиын барысында ислам діні мен салт-дәстүр-дің сабақтастығы туралы, дәстүр-лердің шығу тарихы жөнінде маңызды мағлұмат беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесуден соң аудандық «Мұғалжар» газетіне арнайы келіп, сұхбат берді. Сұхбаттың толық нұсқасын газетіміздің келесі нөмірінен оқи аласыздар.

А.АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

admin_mugalzhar

Салықтан босату және тексеруге мораторий – алдағы 3 жылда Қазақстанда бизнес қалай дамиды

admin_mugalzhar

МАҚСАТ — МЕМЛЕКЕТ МҮДДЕСІ МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ

admin_mugalzhar