«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«АУЫЛ АМАНАТЫ» — АУЫЛДЫҢ АХУАЛЫН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН

Жұрын ауылдық округіне қарасты елді мекендерде “Ауыл аманаты” бағдарламасын жүзеге асыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл бағдарлама туралы аудан әкімі егжей-тегжейлі ақпарат берді. Атап айтқанда, бағдарламаның бағыттары, қатысу шарттары түсіндірілді. Бағдарлама 3 бағыттан тұрады, өсімдік шаруашылығы, құс шаруашылығы, шағын бизнес. Аталмыш бағыттар бойынша 2,5% несие алу үшін ауылдағы жылжитын және жылжымайтын мүлікті кепілдікке өткізіп, мүлік бағасының 70% қаражатына дейін несие алуға мүмкіндік болады. Ал мүлікті бағалау тәртібі туралы кездесуге арнайы қатысқан мүлікті бағалаушы маман К.Досанова түсіндіріп өтті. Сонымен несие 4 жылға беріліп, алғашқы жылы несие алушы қарызды төлеуден босатылады. Ауыл тұрғындарына ыңғайлы болсын деп, барлық керекті құжаттарды ауылдық округ әкімі жинақтап, Ақтөбе қаласындағы тиісті операторға тапсырады.
Бүгінде Жұрын ауылдық округінде аталмыш бағдарлама аясында 121 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Соның ішінде 9 жоба өсімдік шаруашылығы, 105 жоба құс шаруашылығы, 7 шағын бизнес.
Кездесу барысында ауыл тұрғындарына мысал ретінде құс шаруашылығының тиімділігінің есептеу кестесі таныстырылып, барлық шығындар мен таза табыс көлемі көрсетілді.
Аталмыш бағдарламаға тұрғындар қызығушылық білдіріп, шаштараз, жылыжай, кондитерлік өнімдер дүкенін ашуға ниет танытып отыр.
Кездесуден кейін, бағдарламаға қатысуға ниет танытқын ауыл тұрғындары мүлікті бағалаушы маманмен бірге жылжитын және жылжымайтын мүліктерін бағалауды бастап кетті.

Ұқсас ақпараттар

Тоқаев қаңтар оқиғасы құрбандарының рухына Құран бағыштады

admin_mugalzhar

АТҚА МІНІП, САДАҚ АТУ — АТАДАН ҚАЛҒАН АМАНАТ

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТЫҚ СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.