«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАНДА ЖАС ҰСТАЗДАР КЛУБЫ АШЫЛДЫ

Мұғалжар аудандық білім бөлімінің жанынан «Ұшқын» жас ұстаздар клубы ашылып, өз жұмысын бастап кетті. Қазіргі таңда орталықта 175 жас ұстаз тіркелген.

Жуырда Мұғалжар аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында жас ұстаздар арасында форум өтті. Ауданның 37 мектебі мен балабақшалар, шығармашылық орталықтар мен білім беру ұйымдарының қатысуымен өткен форумда аталмыш клуб құрылып, мүшелері жинақталды.

Бұл клубқа 12 ауылдық округ пен 3 қалалық білім беру ұйымдарындағы 18-29 жас аралығындағы барлық қызметкерлер мүшелік ете алады. Мұндағы мақсат — кәсіби шеберлікті жетілдіру және тәжірибе алмасу. Жалпы осы клуб атауын «Ұшқын» деп атап, 6 бағыт бойынша жоспар құрып отырмыз. Яғни: экология, оқутәрбие, құқықбұзушылықтың алдын алу, қайырымдылық, мәдениет және еріктілер деп әртүрлі бағыт бойынша жұмыстану үстіндеміз. Клуб мүшелігінде қазірдің өзінде біраз жас педагогтар бар, әлі де қызығушылық танытып, тіркеліп жатқандар өте көп. Өткен ісшара барысында Ақтөбе қаласынан арнайы келген педагогикалық шеберлік орталығының тренері Зәуре Кашкенова қатысушыларға коучинг өткізіп, эмоционалды көңілкүйін форум жұмысында бағалады. Қазіргі таңда аталған ұйымда 14 топ мүшесі мен 1 төраға тағайындалып отыр. Алда жоспар өте көп. Барша жас ұстаздарды белсенділікке шақырамыз, — деді Мұғалжар аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлманат Төлеумұхамбетова.

А.НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ ЖЕМІСІ

admin_mugalzhar

Ембіде ірі сауда орталығы ашылды

admin_mugalzhar

Биыл Қазақстанда екі рет ыстықтан рекорд орнады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.