«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СПОРТТЫҚ САЙЫСТАН СЫНҒА ТҮСТІ

15 қараша — Ұлттық валюта күні. Мерекеге орай «ЖасStar» дене шынықтыру және сауықтыру спорт кешенінде қаржы саласы мамандарының қатысуымен «Көңілді мәре» спорттық сайысы өтті.

Сайыстың ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Ғалым Қобландин қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Спорттық жарыста «Қазына», «Теңге», және «Қаржы» командалары жүлделі орындарға таласты. Тартысқа толы өткен сайыстың қорытындысы бойынша «Қазына» командасы жеңімпаз атанды. ІІ орынды «Қаржы» командасы, ІІІ орынды «Теңге» командасы иеленді. Жеңімпаз бен жүлдегер атанған командалар дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ұқсас ақпараттар

Гүлсезім БЕКДАН, құрақ құраған балапан: ӨСКЕНДЕ ҚҰРАҚ ҚҰРАЙМЫН

admin_mugalzhar

Бірыңғай уақыт белдеуі: Қазақстан халықаралық ұйымдарды хабардар етті

admin_mugalzhar

САҒАШИЛІЛІК БИШІЛЕР ТАШКЕНТТЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar