«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ШАРУАЛАРЫ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні облыстық деңгейде аталып өтті. Аталған шара барысында ауыл шаруашылығы саласында жемісті еңбек етіп жүрген мұғалжарлық шаруа қожалықтарының иелері марапатқа ие болды.

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің «Құрмет» грамотасына Жұрын ауылдық округінің тұрғыны, «Береке-Ж» шаруа қожалығының басшысы Айтуған Сарсембай мен Талдысай ауылдық округінің ветеринарлық пунктінің меңгерушісі Еділ Ермұханов ие болды. Ал облыс әкімінің Алғыс хатын өсімдік шаруашылығы бағыты бойынша Еңбек ауылдық округінің «Вайнах» шаруа қожалығының басшысы Анзор Айсаханов, мал шаруашылығы бағыты бойынша «Азамат-М» шаруа қожалығының басшысы Ғалымжан Кенешов алды. Ащысай ауылдық округіне қарасты «Ислам» шаруа қожалығының малшысы Серік Сұлтанов «Озат малшы» номинациясымен марапатталды.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда мыс балқыту зауыты іске қосылады

admin_mugalzhar

Телефонды көп ұстаудың зияны

admin_mugalzhar

Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы құмар ойындар

admin_mugalzhar