«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Телефонды көп ұстаудың зияны

Адам өмірі түрлі құрылғылармен тығыз байланысты. Қазір ұялы телефонсыз бірнеше сағат отырудың өзі қиын. Оның күнделікті өмірімізге енгені соншалық, оны қолымыздан тастамаймыз және ұйықтасақ та қасымызға бірге алып жатамыз.  Алайда оның адам денсаулығына зияны зор.

Әр құрылғының өз сәулеленуі бар. Телефонның сәулеленуі радиосигналдың байланыс станциясымен алмасуы нәтижесінде алынады. Егер байланыс нашар болса, сөйлеп жатқан адамды жақсырақ есту үшін телефонды құлаққа қаттырақ тақаймыз. Осы кезде сәуле көзі мен ми арасындағы қашықтық қысқарады. Мұндай жақын қашықтық түрлі патологиялар мен ауруларға әкеледі. Себебі қауіпті сәулелену қаншалықты жақын болса, оның ағзаға әсері соншалықты көп болады. Сондықтан да ұялы телефонды қолданбасаңыз, оны өзіңізден алыс ұстауға тырысыңыз.

Ұялы телефонның мынадай жағымсыз салдарлары болуы мүмкін:

— Иммунитетке қосымша күш түсіреді. Ұялы телефонды жиі пайдаланатындардың басы жиі ауырады, күндізгі ұйқышылдықпен қиналады, ашуланшақ келеді және жиі тұмаумен ауырады;

— Электромагниттік толқындар ішкі тіндердің қызуын ынталандырады. Мобильді құрылғы торлы қабықпен, мимен, есту және көру аппараттарының құрылымдарымен жұтылатын қауіпті сәулеленуді тудырады. Сондықтан осы органдар да, жүйке ұштары да жағымсыз әсерге ұшырауы мүмкін;

— Көру, есте сақтау және психоэмоционалды төзімділік нашарлайды;

— Ұйқы нашарлайды. Ол ұйқы фазаларының (жылдам және баяу) дұрыс ауысуын бұзып жібереді. Сондықтан адамның ұйқысы қанбай оянады.

— Ол артериялық қысым, ми белсенділігі, когнитивті қызметтер және жүрек жүйесіне жағымсыз әсер етуі мүмкін.

Ұялы телефонның адам денсаулығына зиянын азайту үшін мына факторларды ескеру керек:

1. Телефонның дыбысын арттыру сәулелену қуаттылығының өсуіне ықпал етеді;

2. Үйде ұялы телефонды қасыңызға алып жүрмей, келесі бөлмеге тастап кетіңіз;

3. Ұялы телефонды қалтаңызға емес, сөмкеге салып жүріңіз.

4. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлеспеңіз. Қаншалықты аз сөйлессеңіз, оның жағымсыз әсері де соншалықты аз болады. Мүмкіндік болса, ол адаммен жеке кездескен дұрыс. Егер ұялы телефон арқылы келіссөз жүргізу керек болса, үзіліс жасауға тырысыңыз.

5. Ұйықтар алдында телефонды өшіріп тастаған жөн. Оятқыш телефон сөніп тұрса да, ойнайды.

6. Бала ағзасы әлсіз, сондықтан ол электромагнитті сәулеленуден барынша алшақ болғаны дұрыс. Бұл жүкті әйелдерге де қатысты айтылған.

7. Телефон сатып аларда қуаттылығы аз түрін таңдаңыз.

massaget.kz

Ұқсас ақпараттар

ЖОЛДАУ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯСЫ

admin_mugalzhar

Меккеге жаяу жолға шыққан азамат қазақстандықтарды тәнті етті

admin_mugalzhar

ҚЫЗЫЛШАНЫҢ ЕМІ — ЕКПЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.