«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«НҰР-ӘЛЕМ» ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІК

Ақтөбе қаласында «Азаматтық қоғамның бір тірегі — үкіметтік емес ұйымдар» атты облыстық конференция өтті. Облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова қатысқан шарада үкіметтік емес ұйымдарға қатысты өзекті мәселелер талқыланып, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар туралы айтылды.

Іс-шара барысында қоғам өміріне белсене араласып, өңіріміздің дамуына елеулі үлес қосып жүрген қоғам өкілдеріне Алғыс жарияланды. Марапат ал-ғандардың қатарында Мұғалжар ауданынан «Нұр-Әлем» мүгедектігі бар адамдарды қолдау орталығы қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жанар Ешбаева да болды. Облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова Жанар Ешбаеваға қоғамдық бірлестік жұмысын жоғары деңгейде атқарып, тұрғындарға сапалы қызмет көрсетудегі еңбегі үшін Алғыс хат табыс етті.

 

Ұқсас ақпараттар

ҰБТ: ӨЗГЕРІС және МҮМКІНДІК

admin_mugalzhar

Мұғалімдер енді онлайн аттестаттаудан өтеді

admin_mugalzhar

МАМАНДЫҒЫМ — МАҚТАНЫШЫМ, МӘРТЕБЕМ

admin_mugalzhar