«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ӘРТІСТЕРІ «ӘПКЕ» СПЕКТАКЛІН ҰСЫНДЫ

Аудандық мәдениет үйі жанындағы 20 жылдан астам тарихы бар Халықтық театры жазушы, драматург, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабековтың 80 жылдық мерейтойына орай «Әпке» спектаклін ұсынды.

Өткен ғасырда жазылса да, өзектілігін жоймаған туынды бүгін де қазақ қоғамы үшін маңыздылығын жоғалтпай, театр көрермендерімен қайта қауышты. Аталған спектакльді халықтық театрдың режиссеры Айнагүл Мусина ұсынды. Спектакльді тамашалауға аудан әкімі Асқар Шериязданов, мәслихат хатшысы Роза Мүсенова келді.

Алдынан шыққан қиындықтарға төтеп беріп, бауырларының амандығы үшін шыр-пыр болатын Қамажай рөлін А.Балгарина, оқымысты інісі Омардың рөлін Н.Самиғұлла, ерке інісі Тимурдың рөлін Е.Амангелдиев, сіңлісі Назиляның рөлін А.Жылқаман, кенже інісі Ермектің рөлін М.Отаралиев, шолжаң келін Камиланың рөлін Г.Баймұрзаева, Нәзиляның досы Гауһарды Н.Медетқызы, Қамажайдың жігіті Қабеннің рөлін С.Сәңкібай, Тимурдың досы Сұлтанның рөлін Т.Наурызғали шебер сомдап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Н.ТІЛЕП.

Ұқсас ақпараттар

АЯУЛЫМ — ҚОЛ КҮРЕСІНЕН АЛҒАШҚЫ ЧЕМПИОН

admin_mugalzhar

ШЕҢГЕЛШИ АУЫЛЫНДА ОЙЫН АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

Асхат ШАХАРОВ: Санға емес, сапаға жұмыс істеу керек

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.