«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕМБІДЕ «ЖЫЛ ОҚЫРМАНЫ — 2022» АНЫҚТАЛДЫ

Ембі қалалық кітапханасында «Кітап — сарқылмас рухани қазына» атты іс-шара өтті.

Аталған жиын кітапхананың тұрақты оқырмандары арасында ұйымдастырылды. Олардың ішінен ембілік Орынғали Тәжібаев, Бақытжан Боранбай, Амангелді Ишанов «Жыл оқырманы2022» атағына ие болды. Орынғали Тәжібаев соңғы 17 жылда кітапхананың тұрақты оқырманына айналған. Осы жылдар ішінде ол 318 кітап оқыса, 2022 жылы 23 кітапты оқып тауысқан. Ал Бақытжан Боранбай осы жылы 24 кітап оқыса, Амангелді Ишанов 17 кітап оқыған. Кітапхана ұжымы өз замандастары мен бүгінгі жастарға үлгі болған жыл оқырмандарына Абай Құнанбаевтың «Қара сөздер» кітабын сыйға тартты.

Н.ТІЛЕП.

Ұқсас ақпараттар

Апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының қанаттары ажыратуға қарсы сұйықтықпен өңделмеген

admin_mugalzhar

Биыл Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық жарыс өтеді

admin_mugalzhar

«AMANAT» партиясының кезектен тыс Съезі өтеді

admin_mugalzhar