«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды

Тұрсынбек Қабатов – «Хабар» агенттігінің креативті продюсері болып тағайындалды. Бұл туралы «Хабар» Агенттігі АҚ Басқарма төрағасы Берік Уәли әлеуметтік парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.

«Белгілі өнер қайраткері Тұрсынбек Қабатов бүгіннен бастап «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның креативті продюсері ретінде қызметке кірісті.

Бойындағы таланты мен тынымсыз еңбегінің арқасында халықтың ықыласына бөленген Тұрсынбек Аманғалиұлы қолға алған кез-келген жоба табысты болып жатады. Ол әдемі қалжыңы арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғап, әрдайым көпшіліктің көкейіндегіні айтып жүретіні белгілі. Оның ішінде отандық телеарналардағы «Әзіл әлемі», «Көңілді тапқырлар алаңы» сияқты жобалары көрермен тарапынан үлкен сұранысқа ие.

Тұрсынбек Аманғалиұлы жаңа қызметінде көрерменнің көзайымына айналатын тың, қызықты жобаларды әзірлеумен және үйлестірумен айналысады.

Әріптесімізге шығармашылық табыс тілейміз» деп жазды ол.

Ұқсас ақпараттар

Көкпардан ұлттық құрама спортшылары Көшпенділер ойындары өтетін алаңда алғашқы дайындықтарын өткізді

admin_mugalzhar

Пайыздық мөлшерлемесі 5%-ке дейін: Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама енгізілмек

admin_mugalzhar

Президент: «Таза Қазақстан» – әр адамның күнделікті дағдысы, өмір салты болуы қажет

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.