«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

2022 жылы 412 мың нәресте дүниеге келді

2022 жылы Қазақстанда 412 мың нәресте дүниеге келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі ана мен бала денсаулығына қатысты 2022 жылы атқарылған шаралар туралы есебінде жазылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Соңғы 5 жылда елде бала туу өсті. 2021 жылы 446 мың бала дүниеге келсе, былтыр 412 мың нәресте дүниеге келді.

Неонаталдық хирургияның дамуымен және осы технологиялардың өңірлерге ауысуымен туа біткен ақаулары бар жаңа туған нәрестелердің өмір сүру деңгейі 86% құрады. Орташа алғанда, жыл сайын туа біткен ақаулары бар 1500 жаңа туған нәресте хирургиялық ем алады.

Елімізде балаларға медициналық көмек көрсетуге 3 232 педиатр, 773 неонатолог және 1 395 балалар анестезиолог-реаниматологы жұмылдырылды.

Қазақстан – Орталық Азияда туғаннан бастап кардиохирургиялық операциялар жүргізілетін жалғыз мемлекет.
2022 жылы туа біткен жүрек ақаулары бар балаларға 1800-ден астам ашық жүрекке операция, оның 75%-ы бір жасқа дейінгі балаларға жасалды. Аса ауыр жағдайларда балалардың өмірін құтқару үшін Қазақстанда телемедициналық технологиялар мен медициналық авиация іске асырылды. Санавиацияның 497 ұшуы, оның ішінде жаңа туған нәрестелерге 271 ұшу орындалды, 1072 балаға медициналық көмек көрсетілді, – деп жазылған министрлік хабарламасында.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасында ана мен бала денсаулығын сақтау жөніндегі тұжырымдама бекітілді. Денсаулық сақтау министрлігі неонаталдық көмек көрсетуді ұйымдастырудың жаңа стандартын енгізу және босандыру және балалар бойынша диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларын өзектендіруді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, Министрлік 11 заманауи перинаталдық орталық салу, қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған клиникалардың базасында 5 өңіраралық балалар кардиохирургиясы орталығын құру бойынша жұмыс істеп жатыр. Балаларға арналған 13 ерте араласу орталығын, 17 аудандық және 6 облыстық оңалту орталығын ашу жоспарланып отыр.

Ұқсас ақпараттар

ТАС МҮСІНДЕР — ТАРИХ ТӘБӘРІГІ

admin_mugalzhar

ТАЗАЛЫҚ СІЗ БЕН БІЗ ДЕН БАСТАЛАДЫ…

admin_mugalzhar

Өңірдегі өзекті мәселелер жүйелі түрде шешіліп жатыр

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.