«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕҢБЕГІ ЖАНҒАН АРУЛАР БАС ҚОСТЫ

АУДАН ОРТАЛЫҒЫ ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНДА АУДАНДЫҚ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ЕҢБЕГІ ЖАНҒАН АРУЛАР» АТТЫ АУДАНДЫҚ ФОРУМ ӨТТІ. КӘСІПТІҢ ТҮРЛІ САЛАСЫНДА ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕК ЕТІП, АУДАННЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН НӘЗІК ЖАНДЫЛАРДЫҢ БАСЫН ҚОСҚАН ШАРАНЫҢ МАҚСАТЫ – АУЫЛ-АЙМАҚТАҒЫ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРДІ КӘСІПКЕРЛІККЕ БАУЛУ.

Аталған шараға аудан әкімі Асқар Шериязданов, аудандық мәслихат хатшысы Роза Мүсенова, Ақтөбе облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Кульшат Масалимова, «Зәру» пантымен емдеу сауықтыру орталығы Қандыағаш қаласындағы филиалының басшысы Бану Тілегенова, Ақтөбе облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығының аудандар бойынша координаторы Венера Ережепова, «Ақтөбе облысы әйелдерінің аграрлық одағы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Еркін Шүкіров, «PRIMAVERA PLUS» ЖШС-нің директоры Светлана Симоненко, Қобда ауданы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Роза Галиева қатысты.

Форум барысында сөз алған аудан басшысы жиналған кәсіпкер аруларға сәттілік тіледі. Ал мәслихат хатшысы Роза Наурызбайқызы аудан аумағында гендерлік саясатты жүзеге асыру аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Форум спикері, «Зәру» пантымен емдеу сауықтыру орталығы Қандыағаш қаласындағы филиалының басшысы БануТілегенова жиналған қыз-келіншектерге кәсіпті ауылда да жүйелі жүргізуге болатынын айтып, өз жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Сонымен бірге «Ауыл аманаты» ұлттық жобасы аясында құс өсіру бизнесін дамытудың қыр-сырын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. «Ауыл аманаты» ұлттық жобасы арқылы алған 1 млн теңгеге қаз өсіріп, екі есеп айда табудың жолын айтты. Ал жылыжай кешенінің жұмысын жүйелі жүргізу жөнінде бағыт берген «PRIMAVERA PLUS» ЖШС-нің директоры Светлана Симоненко жиналған қыз-келіншектерге бау-бақша тұқымдарын сақтау және оны күтіп-баптау жолдарын көрсетті. «Еңбегі жанған арулар» форумының байқауына аудан бойынша 17-ге жуық кәсіпкер қыз-келіншек қатысып, өз қолдарынан шыққан түрлі тағамдарын, зергерлік, қолөнер бұйымдарын ұсынды. Олардың қатарында: Қандыағаш қаласынан тері өңдеу өнерін дамытып жүрген Рафига Қожашова, кондитерлік өнімдер дайындайтын «Caramel» компаниясының құрылтайшысы Эленора Сарыбекова, Ембі қаласынан сүйек пен моншақтан, саз балшықтан зергерлік және естелік бұйымдар жасауды қолға алған ӘсияОрынбаева, Жем қаласынан жүн және одан дайындалатын бұйымдарды жасап жүрген НұрзадаТұрақова, Ақкемер ауылынан көкөніс өнімдерін егетін ӘсемАлбергенова, Ащысай ауылынан өрмек тоқу өнерін қолға алған Айжан Байдильдина, Сағашилі ауылынан сүт өнімдерінен түрлі тағамдарын дайындайтын ГүлжайнаТауасарова, Жұрын ауылынан кондитерлік өнімдер дайындайтын Айгерім Есқалиева, Қайыңды ауылынан ет өнімдерін дайындайтын ЖанарУалиева, Егіндібұлақ ауылдық округінен тері, былғары өңдеу, ұқсату өнерімен айналысатын ӘлияЖолмағамбетова, Құмжарған ауылдық округінен ұлттық нақыштағы киімдер тігетін Айнұр Қалбаева, Батпақкөл ауылдық округінен ұннан түрлі тағамдар дайындайтын Лиза Саттарова, Талдысай ауылдық округінен зергерлік бұйымдар жасайтын Саламат Кулова, Құмсай ауылдық округінен көрпе құрақ тігетін Айнұр Даркулова болды.

Сонымен қатар Ақтөбе қаласынан келген жеке кәсіпкер, «Гүлжанай Мөңке» киім дүкенінің иесі Гүлжанат Алпысбай қатысып, құндыз тондарды қатысушылардың назарына ұсынды. Форум қыз-келіншектерге арналған дефиле шеруімен жалғасты. Сән сахнасына шығып өнер көрсеткен қыздардың сәнді көйлектерін «Қыз Көркем» тігін шеберханасының иесі, сәнгер Баян Оспанова тіккен. Ол ұлттық киімдерді заманауи үлгіде қазақы бренд етіп қалыптастырып жүрген қандыағаштық шебер. Оның жиналғандарға ұсынған коллекциясының қатарында ұлттық киімдерден бастап, заманауи үлгідегі сәнді көйлектер мен сахналық костюмдер, көздің жауын алатын әдемі көйлектер болды.

Іскер әйелдердің басын қосқан шарада шеберлік сағаттары да өткізілді. Айталық, Хромтау аудандық іскер әйелдер қауымдастық бірлестігінің төрайымы, Aimira PR Media жарнамасының негізін қалаушы, NIET бренд киімінің тең құрылтайшысы Аймира Кұмарова өз тәжірибесімен бөлісті. Ал Ақтөбе облыстық іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, іскерлік этикет, қызмет көрсету және мәдениетаралық коммуникациялар бойынша кеңесші ЖанымгүлТулеуова этикет және хаттама бойынша ұлттықжәне халықаралық стандарттар жөнінде айтып берді. «Salyk&Esep» аутсорсинг компаниясының өкілі Гүлшат Абдулина бухгалтерлік қызметтер және оқыту туралы тың ақпараттарды ортаға салды. «Сәуле» шеберханасының иесі Гүлзина Сахиева тігін тігудің қыр-сырын үйретсе, «Сән-нұр» сұлулық салонының иесіАйнұр Адайбай қыз-келіншектерге бет күтімі туралы айтып берді. Ал «Ана мен бала» киім дүкенінің иесіГүлнұр Мүсенова сәбилерге арналған киімдер мен түрлі бұйымдардың тігілу және кестелену жолдарын көрсетті. «Алтын сапа» тігін шеберханасының иесі Дәмеш Сарымсақова қыз жасауына кіретін көрпе-көпшіктерді тігу, құрақ құраудағы тәжірибесімен бөлісті.

Шара соңында Ақтөбе облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығының аудандар бойынша координаторы Венера Ережепова шеберлік сағаттар өткізген іскерәйелдерге облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінованың Алғысхатын табыстады. «Еңбегі жанған арулар» атты байқау нәтижесі бойынша Бас жүлдені Сағашилі ауылынан келген Гүлжайна Тауасарова, І орынды ақкемерлік Әсем Албергенова, ІІ орынды қандыағаштық Эленора Сарыбекова, ІІІ орынды ембілікАсия Орынбаева жеңіп алып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Ал қалған қатысушыларға белсенділік танытқаныүшін Алғыс хаттар мен гүл шоқтары табысталды.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

Чтобы все проблемы были решаемы, а дела раскрываемы

admin_mugalzhar

Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

admin_mugalzhar

Президент сайлауы: үгіт-насихат жұмыстарына неше күн беріледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.